Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай жинады

0
373

Бұл әзірге рекорд.


Түркістандық оқушы ҰБТ-дан 138 ұпай  жинады

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтіп, жоғары 138 балл жинады. Бұл көрсеткіш әзірге еліміз бойынша ең жоғары нәтиже. Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.


Айта кетсек, Түркістан облысында 2023-2024 оқу жылында Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тәмамдаған. Оның 1 727-і - «Алтын белгі» белгіге, 2 466 оқушы - «Үздік аттестатқа» үміткер.