Түркістандық оқушылар Абай оқуларында жүлдегер атанды

0
814

Басты шарт – жарысқа қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа айтуы.


Түркістандық оқушылар Абай оқуларында жүлдегер атанды

Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында ХХIV республикалық Абай оқулары өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Абай облысында өткен ХХIV республикалық Абай оқуларында Түркістан облысының 2 оқушысы жүлделі ІІ орынды иеленді. Республикалық кезеңге Түркістан облысы атынан қатысқан Мақтаарал ауданының оқушысы Айдана Басымбек Абайдың 221 өлеңін жаттап, «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» бағыты бойынша ерекше көзге түсті. Бұдан бөлек Қазығұрт ауданының оқушысы Жақсыкүл Орынбай «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары» бағыты бойынша үздіктер қатарынан көрінді.


Жарысқа қатысушылар «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», «Абайдың қара сөздері», «Абайдың ақын шәкірттерінің шығармалары», «Көңілімді ұғады», «Жүйрік он жүйрік озар жарысқанда», «Ұлы» атты алты номинация бойынша бақ сынады. Басты шарт – жарысқа қатысушылар ақындардың барлық шығармаларын жатқа айтуы.


Үш күнге созылған Абай Құнанбаевқа арналған шығармашылық байқаудың қазылар алқасы қатысушылардың Абайдың қарасөздерін толық білуін, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ақылбай және Мағауия Абайұлдарының шығармаларын жатқа оқуын бағалады. Сондай-ақ, ақындардың рухани болмысына эссе жазу, шығарма мәтіндерін мәнерлеп айту сынды талаптары бар.


Салтанатты марапаттау рәсімі Жидебайда «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінің базасында өтті. Абай оқуларының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы дипломдармен марапатталды. Сондай-ақ медальдар мен грамоталар, сонымен қатар естелік сыйлықтар табысталды.