9000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған.
ҚР Білім және ғылым министрлігі шешімімен 2020-2021 жылдың алғашқы тоқсаны қашықтан оқу жүйесімен іске асырылады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазіргі уақытта елімізде орын алған ахуалға қарамастан, мұндай өзгешеліктер оқушылардың білім сапасына өз залалын тигізбеуі, есесіне жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс. Сол үшін әр пәнді үйде отырып оқуда ең тиімді және жаңашыл жолдары қарастырылуы маңызды. Бұл жөнінде қала басшасы Рашид Аюпов мектеп директорларымен өткізген онлайн-байланыс кезінде мәлім етті.⠀
Нәтижесінде жергілікті «Тұран-Түркістан» телеарнасы арқылы мұғалімдердің күнделікті сабақ беруі, OnlineMektep қашықтықтан оқыту жүйесін орта білім беру ұйымдарына енгізу, Youtube каналына озық тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарын енгізу, оқушыларды техникалық құралдармен қамтамасыз ету, ZOOM, Google Classroom, EduPage арқылы жұмыс жасау жолында дайындық жүргізіліп жатыр.
⠀
Сондай-ақ, көпбалалы отбасылар үшін карантин кезінде ыстық тамақ, киім-кешектен үнемделген қаржыға планшет, ноутбук әперілмек. Биыл 1-11 сыныпқа 44000-нан астам оқушы келер болса, оның 22000-ға жуығы, яғни 9000-нан астам отбасын техникамен қамтамасыз ету жоспарланған.