Түркістандық оқушылар өнер фестивалінде бақ сынауда

0
2 856

Фестиваль нәтижесі наурыз айында шығады.


Түркістандық оқушылар өнер фестивалінде бақ сынауда

Келес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес ауданында «Түркістан: Көне мен келешек көпірі» атты өнер фестивалі өтті. Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан шара талантты жастардың өнерін шыңдап, үлкен сахнаға жол ашпақ. Фестиваль көрерменсіз өтуде. Санитарлық-эпидемиологиялық мекемелер рұқсатымен барлық талаптарды қатаң сақталған. Өнер бәйгесінің іріктеу кезеңінде келестік жас дарындар өнерлерін ортаға салды.

Өнерлі өрендерді анықтаған сайыста саз мектебінің «Кәусар бұлақ» тобы халық күйі «Секіртпе» күйін орындап, «Інжу маржан» дуэті «Сарыжайлау» әнін шырқады. Мусин Руслан «Яблочка» әнін аккардеонда шебер орындап шықты. Ал, Балалар саз мектебінің оқушысы Қазыбек Хасанов «Батырлар ұраны» әнін паш етті. Сондай-ақ, «Гүлдер-ай» би тобы «Шашу» биін билеп, «Хор», домбыра, фортепиано, баян, аккардеонда келестік үздік талантты жастар өз өнерлерін көрсетті.

Өнер додасын облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасының облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығы мен аудан және қалалардағы білім бөлімдері ұйымдастыруда. Мектепішілік өнерпаз жеткіншектердің сайысы облыстың барлық аудан, қалаларында өтіп жатыр. Фестиваль нәтижесі наурыз айында облыс орталығындағы «Ақжайық» музыка мектебінде өтетін гала-концертте жарияланып, жеңімпаздар марапатталады.