Түркістандық оқушылар сабақта ұялы телефон қолданудан бас тартты

0
70

Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады.


Түркістандық оқушылар сабақта ұялы телефон қолданудан бас тартты

Түркістанда оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданудан бас тартты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Енді Түркістан қаласындағы бірқатар білім беру ұйымдарында оқушылар сабақ барысында ұялы телефон қолданбайды. Бұл бастаманы Түркістан қалалық білім бөлімі қолға алып, “Смартфонсыз мектеп” жобасын ұсынды. Ұсынысқа ата-аналардан бастап, ұстаздар мен балалар ерікті түрде келісім беріп, құптап отыр. Мектеп қабырғасына келген әр сыныптағы оқушыларға бөлек телефон сақтайтын қорапша әзірленген. Білім алушылар телефонды сабақтан тыс, үзілістерде пайдалана алады.


Осыған дейін Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда оқушылардың смартфон ұстауына неге шектеу қойылатынын түсіндірген болатын.


«Ата-аналар мен педагогтардан келіп түскен өтініштер мен шағымдардың нәтижесінде осындай шешім қабылданып отыр. Тағы қайталап айтамын, бұл – сабақ барысында мұғалімдердің рұқсатынсыз оқушылардың смартфонды пайдаланбауына қатысты заң. Алайда сабақ біткеннен кейін және сабақтан тыс уақытта оқушы өзінің ұялы телефонын алып, ата-анасына хабарласа алады. Мектеп негізінен саналы тәрбие мен сапалы білім беру керек. Сондықтан оқушылар сабақтың барысында мұғалім берген материалды толық меңгеріп, өзінің білімін шыңдауы қажет. Әрине, бүгінде балаларымызды смартфондар алаңдататыны алады. Оның мұндай құқығы шектелген жоқ. Бұл – тек сабақ барысындағы шектеу", - деген еді министр.


Басты мақсат – білім сапасын арттыру, оқушылардың ойлау қабілеті мен психологиялық денсаулығына оң әсер ету. Сондай-ақ, бір-біріне деген қарым-қатынасты жақсартып, бос уақытты тиімді пайдалана білу.

Бөлісу