Түркістандық патриоттар «Айбын» жастар жинына дайын

0
807

Республикалық жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық командалар қатысады.


Түркістандық патриоттар «Айбын» жастар жинына дайын

Түркістан облысының жас патриоттары «Айбын» жастар жинына дайын, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында Арыс, Созақ, Төлеби аудандарының жас патриоттары «Айбын» VIІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысуға дайындықты бастап кетті. 2 айға созылатын шара елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шара екінші рет онлайн режимде өткізіледі. Республикалық жиынға еліміздің барлық өңірлерінен 50-ге жуық командалар қатысады. Олардың құрамында «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, өңірлік әскери мектеп-интернаттарының, Қарулы Күштердің әскери-патриоттық клубтарының, ҰҚК Шекара қызметінің, ІІМ Ұлттық ұланының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының тәрбиеленушілері бар.


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тұрақты назарының арқасында «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қызметі жыл сайын жанданып келеді. Үйлестіру мақсатында Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында фронт-офис құрылды. Онда Led-экран арқылы барлық жарысқа қатысушылардың өнерін көруге болады. Командалар өз елді мекендерінде тікелей көрсетілімді жүзеге асыра алады. Іс-шараны өткізу үшін Aibynonline.kz онлайн-платформасы және Aibyn мобильді қосымшалары мен веб-сайт әзірленді.


Жастарды Қарулы Күштердің әскери қызметіне дайындауға бағытталған шарада Түркістан облысының намысын Арыс қаласынан «БАРЫС», Созақ ауданынан «Жас Қыран», Төлеби ауданынан «Төлеби тарландары» әскери-патриоттық клубтарының жас сарбаздары қорғайды. Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы полковник Н.Дюсебаев барлық қатысушылардың дайындығын тексеріп, ұйымдастыру жұмыстарын қадағалап, бірқатар тапсырма қойып, командаларға сәттілік тіледі.