2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған болатын.
Түркістандық бойдеткен Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Ақтөбе қаласында дзюдо күресінен 2004-2005 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты ұйымдастырылды. Онда Сарыағаш ауданы, Жібек жолы ауылдық округінің тұрғыны Айман Ибрагимова 44 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Ол осымен Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанды. Бірінші рет 2017 жылдың маусым айында Қарағанды қаласында 2002-2003 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен чемпионатқа қатысып, жеңімпаз атанған болатын.
Айман Ибрагимова Сарыағаш аудандық №2 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі. Жаттықтырушы Алжан Төрекуловтың шәкірті 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қажымұқан» атындағы спорт интернатына қабылданған. Пандемия жағдайына байланысты жаттығуын аудан аумағында жалғастыруда.