Түркістандық спортшы əскерилер арасында әлем чемпионы атанды

0
751

Қазақстан құрамасы 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.


Түркістандық спортшы əскерилер арасында әлем чемпионы атанды

Түркістандық Абзал Құттыбеков əскерилер арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан құрамасы Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды.


Атап өтсек, 91 келіге дейінгі салмақта жерлесіміз Абзал Құттыбеков «алтын» үшін Ресей чемпионы Иван Сагайдакпен айқасты. Бұл жекпе-жекте де төрешілердің шешімі бірауызды болмады. Жеңіс қазақстандық боксшыға берілді.


Рингтің көркін қыздырған бұл додада ел намысын қорғаған Түркістан облысының талантты спортшысы Абзал Құттыбеков шаршы алаңда қарсыластарын тізе бүктіріп, жеңімпаз атанды. Мəскеуде өткен əскерилер арасындағы кезекті əлем чемпионатына түркістандық адуынды боксшы техникалық жағынан жоғары деңгейде өнер көрсетіп, мемлекетіміздің мерейін үстем етіп қайтты.


Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы екінші орынды жеңіп алды. Ал ҚР әйелдер құрамасына турнирде 1 ғана қола жүлде бұйырды. Оны Жасмин Қизатова (69 кг) иеленді.