Ел қоржынына әр үлгі бойынша 11 алтын, 2 күміс медаль еншілеген жеңімпаз спортшы ұл-қыздарымыз елге олжалы оралды.
Бүкілдүниежүзінің спорт сүйер қауымының назарын аудартқан Ресей Федерациясының астанасы Мәскеу қаласында қыркүйек айының 14 мен 21 аралығында карате-до спорт түрінен өткен «Gold World Cup» Әлем кубогі аяқталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, еліміздің көк байрағын желбіреткен Түркістан облыстық №2 ОРМБЖ спорт мектебінің спортшылары ғаламат жеңіске жетті. Түркістандықтар əлем бойынша өткен татамиде күш-жігерлерін көрсетті.
Нəтижесінде жеңістің шыңын бағындырып, алтын медаль иеленгендер қатарында жерлестеріміз Абен Меруерт екі алтын иеленсе, ал, келешегі кемелді Маттай Диас жеңімпаз атанды. Бұдан басқа талантты саңлақ Құлажан Олжас пен Қуандық Ердос екі алтын медаль жеңіп алды. Сонымен қатар татами шеберлері арасында Даниял Қайратұлы жеңімпаз атанса, тағы бір түркістандық спортшы қыз Мариям Алиджани бір алтын, бір күмісті қанжығасына байлады.
Күміс жүлдені талай жеңістерге жетіп келе жатқан Жасұлан Бекмұрат иеленсе, болашағы жарқын Балауса Кеңес екі алтынды олжалады. Ел қоржынына әр үлгі бойынша 11 алтын, 2 күміс медаль еншілеген жеңімпаз спортшы ұл-қыздарымыз елге олжалы оралды.