Додаға республика бойынша 22 команда, 117 спортшы қатысты.
Түркістандық спортшылар жүзуден ел чемпионатында 7 медаль иеленді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қостанай қаласында жүзуден өткен ел чемпионаты өз мәресіне жетті. Додаға республика бойынша 22 команда, 117 спортшы қатысты. Су айдынындағы сайыста Түркістан облысының спортшылары ерекше өнер көрсетті. Жарыс нәтижесі бойынша түркістандық саңлақтар бес алтын және екі күміс медальға ие болды.
Тарқата айтсақ, қыздар арасында Дария Тоқтабаева жарыстың төрт бағдарламасы бойынша үздік шықты. Ол шалқалай жүзуден мәре сызығына бірінші болып жетіп, төрт алтын алқаны иеленді. Ал ұлдар арасында Алижан Ерсайын баттерфляй бағдарламасында қос күмісті олжалады. Сондай-ақ, ол көпсайысты баттерфляйда екінші орынды иемденіп, облыс мерейін үстем етті.
Ел чемпионатында ғаламат нәтиже тіркеген спортшылар - облыстық су спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері.