Түркістандық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 4 жүлде иеленді

0
811

Сары құрлық елдерінің ең талантты спортшылары бас қосқан.


Түркістандық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 4 жүлде иеленді

Түркістандық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 4 медаль еншіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қырғызстанның Бішкек қаласында каратэден (WKF) жастар мен ересектер арасында VIII Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Сары құрлық елдерінің ең талантты спортшылары бас қосқан бұл додада еліміздің намысын қорғаған Түркістан облысының дарынды жігіті Мади Катешов като әдісімен жеңімпаз атанды.


61 келідегі Әсел Қанай да алтын медаль иеленді. Талай әлемдік додаларда топ жарып келе жатқан түркістандық каратэ шебері Гүлмира Үсенова 55 келіде өнер көрсетіп, жеңістің шыңын бағындырды.


Бұдан бөлек құрлық спортшылары арасында тамаша өнер көрсеткен жерлесіміз +84 келідегі Абылай Төлтай күміс жүлдегер атанды.


Бұл жеңімпаз спортшы ұл-қыздар білікті басшы Самат Рысбеков жетекшілік ететін Түркістан облыстық олимпиадалық емес спорт түрлерінен жоғары спорт шеберлігі мектебінде жаттығады. Түркістандық жеңімпаз спортшыларды баптап келе жатқан тәжірибелі бапкер Боран Төлеевтің қажырлы еңбегін атап өткеніміз жөн.


Осылайша, Орталық Азия чемпионатынан 3 алтын, 1 күміс жеңіп алған жерлестеріміз бұл ғаламат жетістіктерін Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына арнайды.