Түркістандық таксилер жедел жәрдем қызметін тегін атқарып жатыр

0
1 359

Таксопарктен жиырма көлік бөлінген.


Түркістандық таксилер жедел жәрдем қызметін тегін атқарып жатыр

Келестік таксилер тұрғындарға тегін қызмет көрсетіп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылы елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты коронавирус және пневмония індеттерімен күресу барысында еріктілер тарапы елге қол ұшын созуды үрдіске айналдырып келеді.

Төркүл дүниені шарлаған пандемия біздің мемлекетке де орасан зор шығын тигізіп жатыр. Ал дертпен күресу барысында елдің жанашырына айналған дәрігерлер қауымының рөлі өте маңызды. Бүгінгі таңда сырқаттанушылардың саны күрт көбейіп, жедел жәрдем көлігі дәрігерлерді науқастарға жеткізерде көптеген қиындық туындап жатыр.

Аталған мәселені ескерген Түркістан облысын Келес ауданы әкімдігі жергілікті таксопарк өкілдеріне үндеу жасап, көмекке шақырған еді. Солардың арасында "Регион такси" мекемесінің Келес аудандық өкілдері аудандық ауруханаға көмектесу ниетінде 20-дан астам көліктерін бөліп, ерікті түрде жедел жәрдем қызметіне қолғабыс жасауға атсалысып жатыр. Аталған таксопарктің диспечерінің байланыс нөмері аудандық аурухана өкілдеріне берілген. Тиісінше тұрғындар тарапынан қоңырау түскен сәтте, жедел жәрдем көлігі бос болмаса аталған таксопарктің көлігі дәрігерді науқастың үйіне жеткізеді және такси қызметі тегін жүзеге асырылады.