Түркістандық тауар өндірушілер Астанада жәрмеңке өткізеді

0
915

Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!


Түркістандық тауар өндірушілер Астанада жәрмеңке өткізеді

Түркістан облысының тауар өндірушілері Астана қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2-3 қыркүйек күндері Астана қаласында Түркістан облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен өтетін жыл сайынғы дәстүрге айналған ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылады.


Жәрмеңке барысында Түркістан облысының қатысуымен Елорда тұрғындары мен конақтарына арналған концерттік іс-шаралар ұйымдастырылады.


Сондай-ақ, жәрмеңкеге 550 тоннадан астам көкөніс, бақша, жеміс-жидек, ет, сүт, балық, құс өнімі және жергілікті қайта өңдеу өнімдері жеткізіліп, нарық бағасынан 15-20 пайызға төменгі бағада тұтынушыларға ұсынылатын болады.


Жәрмеңке сағат 9:00-19:00 аралығында Тәуелсіздік даңғылы, 50 мекен жайы бойынша Қазақ Ұлттық Өнер Университеті алаңында өтеді.