Түркістандық «тТұран» ірі есеппен жеңіске жетті

0
122

Турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.


Түркістандық «тТұран» ірі есеппен жеңіске жетті

Түркістандық «Тұран» өз алаңында Екібастұздың «Батыр» командасын қабылдап, 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан бірінші лигасының сегізінші турында түркістандық «Тұран» өз алаңында Екібастұздың «Батыр» командасын қабылдап, 4:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап алаң иелері ойын тізгінін қолға алып, басымдық танытты. Матчтың 20-минутында Әлімжан Еркен алыстан дәл соққы жасап, есеп ашты.

Екінші таймда да «Тұран» шабуылды бәсеңдетпеді. 52-минутта Әлімжан Еркен жақын қашықтықтан гол соғып, дубль авторы атанса, араға тоғыз минут салып шабуылшы хет-трик жасады. Ал 82-минутта Өркен Махан төртінші голды салды.

Осы жеңістен кейін «Тұран» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Келесі турда жерлестеріміз Ақтаудың «Каспий М» командасымен кездеседі

Бөлісу