Фото: БҚО тұрғындарынан
ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Ерлан Алдажұманов батыс өңірде дрондардың құлау фактілеріне қатысты пікір білдірді, деп жазады inform.kz.
— «Мемлекеттік шекара туралы» заңға сәйкес, әуе кеңістігінде шекараны күзету міндеті Әуе қорғанысы күштеріне жүктелген. Ал біз визуалды түрде байқайтын дрондар бойынша тиісті ақпаратты құзырлы органдарға жолдаймыз, — деді ол.


