Түркістандық ұстаздар Елбасы жолдауына қолдау білдірді

0
1 567

Түркістан қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен басқосуға қала мектептерінің мұғалімдері, білім бөлімінің қызметкерлері, кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Г.Даханова, Ер Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттархановтар қатысты.


 Түркістандық ұстаздар Елбасы жолдауына қолдау білдірді

№18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп-гимназиясында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына үн қосқан жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен басқосуға қала мектептерінің мұғалімдері, білім бөлімінің қызметкерлері, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Г.Даханова, Ер Бекзаттың әкесі Сейілхан Саттархановтар қатысты.

- Мемлекет басшысы жыл сайынғы Жолдауында ел экономикасын дамытуға арналған нақты тапсырмалар береді. Биылғы Жолдауында да отандастарымызға жарқын болашақ сыйлайтын дара жолды саралап берді.
«Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, сіздер мен біздерге Жолдауда айтылған медицина, білім, бұқаралық спорт сынды түрлі салаларға серпін беретін бастамаларды насихаттау парызымыз. Әрбір ұстаз туған-туыс, көрші-қолаңдарының тіпті отбасыңызда Жолдаудағы артықшылықтар туралы айтып отырғаныңыз жөн,-деді №18 Ж.Еділбаев атындағы мектеп- гимназиясының директоры Д.Құдайбергенов.
Жолдаудағы педагогика саласына қатысты басымдылықтарды сөз еткен №31 Абай атындағы жалпы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі А.Сәрсенбаева «Жолдауды білім мен ғылымға жаңа леп сыйлайды» дей келе, адами капиталды қалыптастырушы ұстаздарға жауапкершілік арта түсті деген пікірін білдірді.
Аталмыш білім ұясының кітапхана меңгерушісі А.Жайықбаева Жолдау заман талабына қарай бағдарлануға бастайтындығын, ондағы тапсырмалардың орындалуына барлық қазақстандықтар атсалысуы қажет деп қорытындылады өз баяндамасын.