Түркістандықтар «Ақ бидай» ойындарында жеңімпаз атанды

0
78

Дүбірлі сынның басты фавориті – Түркістан облысының спортшылары өздеріне артылған сенімді ақтауда.


Түркістандықтар «Ақ бидай» ойындарында жеңімпаз атанды

«Ақ бидай» ауыл спорты ойындарында Түркістан облысының құрамасы 3 сайыс бойынша жеңімпаз болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Алматы облысы, Талғар ауданында «Ақ бидай» ауыл спорты ойындары өтіп жатыр. Дүбірлі сынның басты фавориті – Түркістан облысының спортшылары өздеріне артылған сенімді ақтауда.


Алдымен асық ату спортынан сайыс өті. Бұл сында Түркістан облысының құрамасы 3 алтын, 3 қола медальға қол жеткізіп, жалпыкомандалық есепте 1-орынды иеленді. Асық атудан ұлдар арасында Әбілхан Талғар, Жарқынбекұлы Абай және Рыскелдиев Жалғас чемпион болса, бес асық спортынан қыздар арасында Батырбекова Камила, Нәбиғалықызы Айткүл, Мирхамидова Маржан қола жүлде еншіледі. Команданы Түркістан облысының аға жаттықтырушысы Оралхан Айдарханұлы даярлады.


Құсбегіліктен де Түркістан облысының саятшылары командалық есепте топ жарды. Жекелей сынға тоқталсақ, ителгі салудан Сандыбай Ерлан үздік атанса, қаршыға салудан Аликулов Есімхан жеңімпаз болды.


Теңге алу спортынан сайыстар тартысты өтті. Бұл сында жоғары ұпай жинаған Түркістан облысының құрамасы чемпион болды. Жекелей сындарда Ершора Бейбіт пен Теңел Үсен жүлдегер атанды. Ал кикбокстан өңір құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Бөлісу