«World Cleanup Day»: Түркістанда сенбілік өтті

0
187

Тазалық жұмыстарына жалпы 1000-нан астам адам атсалысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды.


«World Cleanup Day»: Түркістанда сенбілік өтті

Түркістан қаласында «World Cleanup Day» атты сенбілік шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс орталығы — Түркістан қаласында халықаралық «World CleanUp Day» іс-шарасы аясында кең көлемді сенбілік шарасы ұйымдастырылды.


Кезекті тазалық жұмыстарына департаменттер мен басқармалар, дербес бөлімдер мен сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорын қызметкерлері, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйым өкілдері, қала тұрғындары мен түрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және еріктілер қатысты.


Тазалық жұмыстарына жалпы 1000-нан астам адам атсалысып, 32 арнайы техника жұмылдырылды. Б.Саттарханов даңғылы мен Қазыбек би көшесі аралығындағы аумақта шөптер шабылып, аяқжолдар тазаланып, тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Нәтижесінде, 85 тонна қоқыс шығарылды.

Бөлісу