«Жас құтқарушылар» арасында «Ашық есік күні» өткізілді

0
2 159

Сайрамда жас құтқарушылар үйірмелері арасында жарыс өткізілді.


«Жас құтқарушылар»  арасында «Ашық есік күні» өткізілді

2018 жылдың 6 желтоқсан күні Түркістан облысы, Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінде ауданның «Жас құтқарушы» үйірмесіне «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі басқарма баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үсітіміздегі жылдың 6 желтоқсан күні Түркістан облысы, Сайрам аудандық Төтенше жағдайлар басқармасы және Сайрам аудандық №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлерімен өрт сөндіру бөліміне «Ашық есік күні» өткізілді.

Ұйымдастырылған шараға аудандағы М. Сапарбаев, С. Сейфуллин және А. Байтұрсынов атындағы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Жалпы, іс-шараға 125 оқушы қатысты.

Сайрам аудандық ТЖБ инженері Мұхтаров Айбек Абилкасынұлы оқушыларды өрт-сөндірушілердің қызмет ету жағдайымен, арнайы өрт сөндіру техникаларының жабдықталуымен, өрт сөндірушілердің құралдарымен және тыныс-тіршілігімен таныстырды
Оқушылар алғашқы өрт сөндіру құралдарымен, оларды пайдалану ережелері және тұрмыстағы өрт қауіпсіздік ережелерімен танысып, үйренді. Оқушыларға өрт сөндіру тактикасы мен өзіне арнайы жабдықтар мен киім кию бойынша көрнекі жұмыстар көрсетілді.

Сонымен қатар, іс-шара барысында аудандағы жас құтқарушылар үйірмелері арасында жарыс өткізіліп, облыстық жастар арасындағы өтетін «Жас құтқарушы» жарысына іріктеу жасалды.