«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Бәйдібекте мәдениет қызметкерлері экоакцияны қолдады

0
350

Жасыл желек көшеттерін отырғызып, түбін қопсыту жұмыстары сәтті орындалды.


«ЖАСЫЛ АЙМАҚ»: Бәйдібекте мәдениет қызметкерлері экоакцияны қолдады

Бәйдібек ауданындағы мәдениет саласының қызметкерлері экоакцияны қолдап жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Еліміз бойынша өтіп жатқан экоакцияның үшінші аптасы жалғасын тауып жатыр. Облыстық мәдениет және туризм басқармасына қарасты Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейінің ұжымы өз аумағында және киелі орында тазалық жұмыстарын жүргізді.


Атап айтсақ, музей орналасқан көше бойын, ғимараттың аумағын және музейдің батыс жағында орналасқан «Қосым баба» кесенесінің аумағын тазалады. Жасыл желек көшеттерін отырғызып, түбін қопсыту жұмыстары сәтті орындалды.


Айта кетейік, ағайынды Қосым мен Құлатай – Шаян өңіріне 1800 жылдары келген дін өкілдері. Ислам дінін насихаттау мен сауат ашуды мақсат етіп, Қосым Шаянға, Құлатай Жетісу өңіріне жол тартады. Тарихқа сүйенсек, Шаян өңіріне алғаш медресе ашу да Қосымның идеясы болған деседі. Бүгінде бұл кесене киелі орындардың бірі айналған.