​Жетісайда 125 орындық балабақша пайдалануға берілді

0
1 631

Жалпы құны 35 млн теңгені құрайтын ғимараттың құрылысы 2016 жылы басталыпты. Жеке кәсіпкер Құттыбек Елтоқов «Нысанды елдің сұранысы бойынша салдым. Өйткені, ауылымызда балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер саны жыл санап арта түсті.


​Жетісайда 125 орындық балабақша пайдалануға берілді

Бүгін Жетісай ауданы Атамекен ауыл округі Мақташы елдімекенінде 125 орындық балабақша ел игілігіне берілді. Мектепке дейінгі мекеменің салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев арнайы қатысып, ауыл халқына қызмет көрсетіп отырған кәсіпкер әулетке алғысын білдірді, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бүгінде Жетісай ауданында 20 мемлекеттік, 137 жекеменшік балабақша жұмыс істейді. Соның бүгін міне 138-ші балабақшасы пайдалануға беріліп отыр. Жалпы ауданымызда 3-6 жас аралығындағы бүлдіршіндерді мектепке дейінгі мекемемен қамту үлесі 95 пайызға жетіп отыр. Алдағы жылы да бірнеше балабақшаның құрылысын жүргізу жоспарда бар», - деді Жамантай Қанайұлы.

Жалпы құны 35 млн теңгені құрайтын ғимараттың құрылысы 2016 жылы басталыпты.

«Нысанды елдің сұранысы бойынша салдым. Өйткені, ауылымызда балабақша кезегінде тұрған бүлдіршіндер саны жыл санап арта түсті. Сөйтіп, аудан әкімшілігінен арнайы рұқсат алып, жер телімі бөлінді. Бүгінде 125 баланы тәрбиелеп отырмыз», - дейді жеке кәсіпкер Құттыбек Елтоқов.

Қазіргі таңда балабақшада 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда тәрбиеленушілерге 5 мезгіл тамақ беріледі. «Гүлсін ана» балабақшасына ата-аналар бір балаға айына 3 мың теңге төлейді. Аудан әкімі ғимаратты аралап көріп, ең бірінші кезекте мекеме басшылығын тамақтың сапасына мән беріп, күтімнің жоғары деңгейде көрсетілуіне мән беруге шақырды.