Жетісайдың қырыққабаттары Ресейге экспортталады

0
1 300


Жетісайдың қырыққабаттары Ресейге экспортталады

Биыл Жетісай ауданында 900 гектарға жуық жерге қырыққабат егіледі. Қазірдің өзінде жетісайлық шаруалар 80 гектар егістікке ерте пісетін қырыққабат отырғызып үлгерді деп жазады ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бұл туралы жексенбі күні өңірдегі бірқатар шаруа қожалықтарының тыныс-тіршілігімен танысып қайтқан Жетісай ауданының әкімі Жамантай Бейсенбаев мәлім етті.
Алдымен аудан әкімі Атамекен елдімекендегі қырыққабат егіп жатқан «Тазабай» шаруа қожалығының егістік алқабына атбасын бұрды. Аталған қожалық 5 гектар жерге 100 мың қырыққабат көшетін отырғызып жатыр екен. Қазіргі таңда егістік алқабында 100-ге жуық адам еңбек етуде. Олардың әрқайсысына күндігіне 1500 теңгеден еңбекақы төленуде. Шаруа қожалығының мүшесі Құттыбек Шабаевтың айтуынша, бүгін егілген қырыққабат ауа-райы қолайлы болып жатса, сәуір айының алғашқы 10 күндігінде пісіп жетіледі. Өндірілген өнімнің басым бөлігі көрші Ресей нарығына жөнелтілетін болады.

Бөлісу