Жиын жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалып, соңы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тапты.
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы бойынша Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жиынды аудан әкімі Ақментай Есбаев ашып жүргізіп отырды. Кездесуге мәслихат хатшысы Арын Тотиков, Түркістан облысы әкімінің орынбасары, топ жетекшісі Тасжүреков Ербол Қуанышұлы және Ақпараттық-насихаттық топ мүшелері, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық ұйымдардың жетекшілері, әлеуметтік сала мекемелерінің қызметкерлері қатысты.
«Биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – ол қазақстандықтардың табысын арттыруға, әлеуметтік жағдайын жақсартуға, орта және шағын кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға, халықтың өмір сүруіне қолайлы, әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға бағытталған. Бүгінде барша қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз» - деді Ербол Тасжүреков өз баяндамасында.
Жиын жарыссөзге шыққан азаматтар тыңдалып, соңы пікір алмасып, сұрақ-жауап түрінде жалғасын тапты. Сөз соңында аудан әкімі А.Есбаев: «Бүгінде барша Қазақстандықтар Жолдаудағы алдымызға қойылған міндеттерді орындауда. Жолдауды насихаттап халыққа дұрыс жағынан жеткізе білу біздің міндетіміз. Сол міндетті орындау мақсатында осы кездесуді ұйымдастырып, пікір алмасуға келіп отырған азаматтарға алғысымды білдіремін» - деп жиынды қорытындылады.