Кіржуғыш машинаның «тілін» түсініп жүрсіз бе?

0
4 865

Қазір бәрі де автоматтандырылған заман. Тетігін бассаңыз болды, үйдегі шаруалардың барлығын атқаратын техника жетіп жатыр. Бастысы, қалай қосып, қалай ажырату керектігін үйреніп алсаңыз болғаны. Дегенмен де, кейде сол техникалардың сіз білмейтін бір «тілдерде» сөйлеп кететіні бар. Бүгінше біз кіржуғыш машинаның «тілін» түсініп алсақ...


Кіржуғыш машинаның «тілін» түсініп жүрсіз бе?

Қазір бәрі де автоматтандырылған заман. Тетігін бассаңыз болды, үйдегі шаруалардың барлығын атқаратын техника жетіп жатыр. Бастысы, қалай қосып, қалай ажырату керектігін үйреніп алсаңыз болғаны. Дегенмен де, кейде сол техникалардың сіз білмейтін бір «тілдерде» сөйлеп кететіні бар. Бүгінше біз кіржуғыш машинаның «тілін» түсініп алсақ...

Кіржуғыш машинаның кішігірім экранында кейде бір белгілер пайда болады. Бұл дегеніміз оның иесіне берген белгісі. Яғни, қандай да бір ақауы болып, оны жөндеу керектігіне өздігінен сілтеме беріп тұрады. Бұл туралы кіржуғыш машинаның техникалық төлкқжатында жазылған болуы тиіс. Бірақ, сол төлқұжаттың кейде қайда қалғанын да білмей қалады емеспіз бе?

Жарайды, ендеше әрбір фирманың белгілеріне орай кіржуғыш машинада болатын белгілерді түсініп көрелік.

Экранда мынада жазулар шықса...

INDESIT, ARISTON машиналарында

F01 —мотордағы қысқа тұйықталу әсерінен болатын басқару жүйесіндегі ақаудың болғандығы.

F02 — электронды бақылау тетігіне мотордың жұмысы туралы дабылдың келмей жатқанығы.

F03— температураны қалыпты ұстайтын тетіктің жұмысы бұзылған.

F04 —машина судың деңгейін көрсететін тетіктің істен шыққанын «айтып» жатыр.

F05 — судың келіп құйылуы жолында ақау бар.

F07 — машина қыздыратын тетіктің суға батпағанынан хабардар етіп жатыр.

F08 — суды қыздыратын тетіктің жұмысында ақау бар.

F09 — электронды басқару тетігі бұзылған.

F10 — су деңгейін өлшейтін тетік істен шыққан.

F11 — кір суды сыртқа төгетін сорғыштың жұмысында ақау бар.

F12 — электронды бақылаушы мен индикация модулі арасында мәселе туындаған.

F13 — кептіру жұмысында ақау бар (кептірмейді).

F14 — кептіру жұмысында ақау бар (кептіру тетігі қосылмайды).

F15 — кептіру жұмысында ақау бар (кептіру тетігі өшпейді).

F17 — блоктау құлпында қателік бар (есігі дұрыс жабылмаған болуы мүмкін).

F18 — микропроцессордың жұмысында қателік бар.


SAMSUNG

Е1 — суды жинау кезінде ақау пайда болған.

Е2 — кір суды төгу кезінде жүйеде ақау пайда болған.

Е3 — суды жинағанда мөлшері «Артық су» дәрежесіне жетті.

Е4 — машинаның ішіне салынған киімдердің салмағы қажеттіден артық деген сөз.

Е5, Е6 — суды қыздыру барысындағы пайда болған ақаулар.

Е7 — суды реттейтін тетіктің жұмысы бұзылған.

Е8 — температуралық ереже сақталмай жатыр.

Е9 — кіржуғыш машинадан су кетіп жатыр.


LG

PE — су деңгейін бақылайтын тетіктің жұмысындағы ақау.

FE — су қажетті деңгейінен асып кеткен.

Dе — есікті құлыптау тетігі дабыл қағуда (есігі дұрыс жабылғандығын тексеру қажет).

IE — су жинаудағы ақаулар: машина керекті суды тартып ала алмай жатыр.

OE — суды төгудегі ақаулар: құбыр мен сүзгінің бүтіндігі мен дұрыс жалғанып тұрғандығын тексеру керек.

UE — барабанның тепе-теңдігі бұзылған.

Te— температуралық ереже дұрыс сақталмай жатыр.

LE — блоктау механизмінде ақау бар.

CE — машина моторға ауыр салмақ түсіп жатқандығынан дабыл береді.

E3 — машинаның басқару жүйесі қажетті жұмысқа қосыла алмауда.

AE — өздігінен өшетін тетіктің жұмысы бұзылғандығынан хабар беріп жатыр.

E1 — машинаның астынан су кетіп жатыр.

HE — қыздыратын тетік сынған.

SE — машинаның басқару жүйесі өздігінен өшіп қайта қосылатын тетігі бұзылғанын білдіруде.


ELECTROLUX, ZANUSSI

Е11 — машина су құю жүйесіндегі ақауды көрсетеді.

Е13 — машина астындағы түпқоймаға су кетіп жатыр.

Е21 — суды төгуде ақау бар: су машинадан 10 минут ішінде төгіліп үлгермеген.

Е23 — машина симистордың бұзылғандығынан хабардар етуде (төгу сорғышындағы басқару элементі).

Е24 — су төгудегі ақау: жүйе суды төгетін сорғыштың жұмысынан қателік тапты.

Е33 — су мөлшерін реттейтін тетіктің жүйеге сәйкес жұмыс.

Е35 — су жинаудағы ақау, су мөлшері қалыптан артық.

Е36 — қажетті суды реттейтін тетіктің сынуы.

Е37 — су мөлшерін реттейтін тетік дұрыс жұмыс істей тұр.

Е39 — артық суды көрсететін тетік істен шыққан.

Е41 — машинаның есігі дұрыс жабылмаған.

Е42 — жүйе блоктау құлпындағы ақауды тапты.

Е43 — блоктау құлпындағы симистордың жұмысында ақау бар.

Е44 — қақпақтың жабылуындағы бір тетік сынған.

Е45 — қақпақтың электронды жүйесінде ақау бар.

Е51 — мотор желісіндегі қысқа тұйықталудан болған сыну.

Е52 — электронды бақылау мен тахогенератордың арасындағы байланыс үзілген.

Е53 — мотор желісі басқаруындағы жүйе істен шықты.

Е54 — мотор желісіндегі реле топтамасының бірінде ақау бар.

Е61 — температуралық тәртіп істен шыққан, су қажетті температураға жетпейді.

Е66 — жүйе реле жұмысында ақау ар екендігін көрсетіп тұр.

Е71 — температураны бақылайтын тетік істен шыққан.

Е82 — бағдарламаны таңдайтын селектордың жұмысы бұзылған.

Е83 — селектор беретін ақпаратты оқуда жүйеде қателік бар.

Е84 — кіржуғыш машинаның конфигурациясында қателік болып жатыр.

Міне, үйіңіздегі кір-қоңыңызды үнсіз ғана жуып беретін көмекшіңіздің «тілін» түсініп алу үшін шығарушы фирмасына қарай осынау белгілерді түсініп алсаңыз немесе арнайы жазып алып сақтап қойсаңыз жеткілікті. Машинада ақау болғанда жөндеу шеберіне де түсіндіру оңай болмақ. Сол сияқты, машинаны жөндеу жұмысы да жеделдейді.

Ешқандай техника мәңгі емес. Қанша жерден автоматты болса да ол да бұзылады, сынады, істен шығады. Ал үшін күтіп ұстап, өздігінен дабыл бергенде тілін де «түсіне» білген жөн.