Үйдегі бассейнді тазартудың оңай тәсілдері

0
4 478

Бассейнді суын төкпей-ақ тазартуға болады.


Үйдегі бассейнді тазартудың оңай тәсілдері

Қазіргі кезде балаларға арналған үрмелі бассейн кез келген үйде бар деуге болады. Алайда бассейнде шомылу бала денсаулығына қауіпсіз және пайдалы болуы үшін оның суы мен ішін тазартып тұру керек.

Ашық бассейнге шаң, қоқыс, ағаш жапырақтары түсіп мазаны алады. Ал ыстық ауа-райы бактериялардың таралуына әсер етеді. Сондықтан бассейнді ұдайы тазартып тұру қажет.

Төменнен үрмелі бассейнді дұрыс тазартудың, сондай-ақ суды төкпей тазалау жолдары, қаншалықты жиі тазарту, тағы да басқа қажетті мәліметтерді ұсынамыз.


Қаншалықты жиі тазалау керек?

Бассейнді суға толтырған соң қоршаған орта бірден ластай бастайды, бактериялар көбейеді. Егер бассейнді уақытында тазартып тұрмаса, онда микробтар мен вирустар көбейе бастайды.


Тез ластануға әсер ететін факторлар

  • Температура – су жылы болған сайын ондағы бактериялардың да көбею мүмкіндігі артады
  • Айналасында ағаштың көп болуы. Ағаштың жапырақтары мен тозаңдары бассейнді ластайды
  • Ауа-райы – жел, жаңбыр суға лас нәрселер алып кетеді
  • Жиі және көп болып шомылған сайын, бассейн жиі тазартып тұруды қажет етеді


Сондай-ақ бассейіннің қандай сумен толтырылатыны да маңызды. Егер бассейнді ағын сумен толтыратын болсаңыз, онда оны кем дегенде аптасына бір рет тазартып тұру керек. Айналадағы әсерден лайланған суда микроорганизмдер тез көбейеді. Ондай кезде бассейннің түбі жабысқақ немесе ақ қақ бола бастайды. Бастысы қақ көп тұрып қалмауы керек. Егер көп тұрып қалса, бассейннің материалы тез құртылады.


Тазарту құралдары

Үйдегі бассейнді тазарту құралдарының негізгі үш тобы бар:

Химиялық

Бассейнге реагент салу арқылы ондағы бактериялар мен балдырларды жояды. Ең танымал химиялық құралдар:

  • Құрамында хлор бар препараттар - ең тез тазартатын және қолжетімді саналады. Сондай-ақ бактериялармен тиімді күреседі. Тек мұндай препараттардан соң жағымсыз иіс қалады;
  • Коагулянт – бассейннің қабырғасына тұрған қақпен күреседі.Микробтардың тұруын болғызбайды және судың түсін тазартады;
  • Ал құрамында бром бар тазартқыштар – суды тазартады, залалсыздандырады, артық исі болмайды және аллергиясы бар жандарға әсер етпейді;
  • Пергидроль (сутек асқынтотығының суға араласқан түрі) – судың түсін тазартып, қақ тұрғызбайды;

Механикалық

Механикалық тазартуға бассейннің ішін жуып шығу, қоқыстан тазарту жатады. Ол үшін төмендегі заттар пайдаланылады:

  • Торлы дорба (сачок) – судың бетіндегі қоқыстарды жинау үшін;
  • Су шаңсорғышы – бассейннің қабырғасы мен түбін лайланудан тазартады;
  • Озанатор – судың түсін лайланудан, қоқыстан және жағымсыз иістен сақтайды;
  • Хлорлы мөлшерлеме (дозатор) – суды түрлі микробтардан тазартып, залалсыздандырады;
  • Щетка – жапырақтарды, бассейннің қабырғасы мен түбін тазарту;
  • Сүзгі – суды тазартады;

Электрофизикалық

Бассейнді тазарту үшін арнайы залалсыздандырғыштар болады:

-Ультрадыбысты сүзгі – суды ультракүлгін сәуленің көмегімен сүзгіден өткізіп залалсыздандыратын арнайы ыдыс.


Бассейннің суын төгіп, қолмен тазарту

Бассейнді қолмен дұрыс және тиімді тазартудың тәсілдері:

  • Тазартуды бассейннің іші кеуіп кетпей тұрып жасау керек. Бұл тез тазартуға көмектеседі;
  • Артынан іші кеуіп қалмай тұрып таза сумен шайылады. Жақсылап шайып болған соң кептіру керек;
  • Егер бассейн іші біраздан бері құрғақ болып тұрған болса, онда оған алдымен су себу қажет. Сосын барып тазартқан дұрыс;
  • Майлы, жабысқақ қақты тазарту үшін арнайы бассейн тазартуға арналған сұйықтық немесе аз ғана мөлшердегі ыдыс жууға арналған сұйықтық пайдалануға болады. Кір жууға арналған ұнтақ пен қырғышты пайдалануға болмайды;
  • Бір шелек суға 3-4 тамшы кір жууға арналған сұйықтық құйып, тазартуға жұмсақ щетка пайдаланамыз. Алдымен қабырғаларын, содан кейін түбін тазартқан дұрыс;
  • Кепкен соң таза су құйылады.


Суын төкпей тазарту

Үрмелі бассейндерді суын төкпей де тазартуға болады. Бұл үлкен көлемді, суын жиі ауыстыру қиындық тудыратын бассейндерге арналған тәсіл.

Мұндай жағдайда бассейндегі судың ластануына қарай тазарту тәсілі таңдалады.

Егер су тұнық болмай, ағарып жатса, онда бұл бассейннің айналасындағы өсімдіктерге байланысты болады. Ондай кезде төмендегі әрекеттер жасалады:

  • Торлы дорбаның көмегімен ірі қоқыстарды, жапырақтарды тазартып тастау;
  • Айналасын щеткамен тазартып, сүртіп алу;
  • Суға коагулянт қосу.

Ал егер бассейндегі судың түсі жасыл болып кетсе, онда ол – балдырлардың көбейгеніңің белгісі. Мұндай кезде суды хлор немесе броммен тазартқан тиімді.


Дайындаған: Эльмира Базарбаева,

ERNUR.KZ