Жаңалықтар

​Шымкентте жедел жәрдем қызметі толығымен цифрлық жүйеге көшті

Ондағы бригаданы шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы смартфонға енгізіледі.

Әділбек Қабаев Тіл комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Әділбек Қабаев 2020 жылғы қаңтардан бастап қазіргі таңға дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Оралда тұмауға қарсы вакцина салу басталды

Мамандар эпидемиологиялық маусым 2020 жылдың 1 қазанынан 2021 жылдың мамыр айына дейін созылатынын айтады.

Көмір тиелген вагонмен Қазақстанға жеткен ресейлік жасөспірімдер Петропавлда ұсталды

​Қазіргі уақытта жасөспірімдердің жеке тұлғасы, сондай-ақ олардың мұндай қауіпті сапарға бару себебі анықталып жатыр.

​Шымкентте бұқаралық спорт қарқынды дамуда

Таяуда Шымкент қаласы «Жастар ресурстық орталығы» және «13 Legion» ұйымы бірлесіп «Street-workout» көше спортынан Нұрсәт аллеясында қала тұрғындарына арнап шеберлік сағатын өткізді.

ТҮРКІСТАН: Эковолонтерлар Шәмшінің ауылында сенбілік өткізді

Олар адам бойындағы экомәдениетті қалыптастыруға атсалыспақ.

Мемлекет басшысы ОСК төрағасы Берік Имашевты қабылдады

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына бірқатар тапсырма берді.

Балық шаруашылығына субсидия берілуі мүмкін

Экология министрлігі балық шаруашылығына субсидия беру ұсынысын қолдайды.

Қазақстандықтардың 6,3 пайызы ғана зейнетақы жинағының бір бөлігін ала алады

2021 жылы зейнетақы жинағындағы ақшаны пайдаланғысы келетін азаматтар тиісті өтінім жазу керек.

46 млн теңгені қалтасына басқан экс-шенеунік өз еркімен елге оралмақшы

Оған халықаралық іздеу жарияланған болатын.