Астрология – ғылым ретінде берік қалыптасқан, кең таралған сала. Өз жұлдыз белгісін білмейтін не өмірінде бір рет болмасын болжам оқымаған жан жоқ шығар, сірә. Алайда, астрология ғылымының өзі жайлы білетіміз аз. Сізде де солай ма? Ендеше, мына ақпараттар сіз үшін қызықты болуы мүмкін.
- Астрология ғылымының қалыптасқанына 3 мың жылдан асқан дейді зерттеушілер. Бастапқыда жекелеген адамдардың емес, мемлекеттердің ғана болашағын болжайтын болыпты. Бірнеше ғасыр бойы астрологтар осы мақсатта ғана қызмет етіп келген. Ал, аспан денелерінің көмегімен жекелеген адамдарға қатысты жорамал жасау б.з.д. 6 мыңжылдықта пайда болыпты. Бүгінгі күнгі 12 белгі атауы да сол кезден қалыптасқан.
- Иосиф Сталин өз белгісінің астрологиялық болжамдары көңілінен шықпағандықтан, туған күнін өзгерткен көрінеді. Құжаттарында «21.12.1879 ж.» деп көрсетілгенімен, тарихшылар оның шынайы дүниеге келген күні 1978 жылдың 18 желтоқсаны екенін анықтаған. Туған күнінің датасын өзгертіп, басқа белгі аясына ауысу оның өміріне оң өзгерістер әкелген сыңайлы. Тарихи тұлға туғаннан аурушаң, түрлі қауіп-қатерлерге ұрыншақ болған екен. Ал, жаңа белгіде тағдыр өзі қорғанына айналып, бойына сенімділік ұялатып, биік белестерге шығуына сеп болды дейді мамандар.
- Астрология ғылымының бірнеше түрі қалыптасқан. Солардың ішіндегі ең ауқымдылары:
- ·
Батыс
астрологиясы
·
Ведалық
немесе үнді астрологиясы (Джьотиш)
·
Шығыс
(қытай) астрологиясы
Бұл бағыттардың әрқайсысы өзі қалыптасып, таралған аймақ тұрғындарының
тағдырына ықпалды. Батыс елдерінде әркім өз жұлдыз белгісін жақсы біледі және
соған сай мінез сипаттамаларын білуге ұмтылады. Ал, қытай мен үнді халықтары
өмірлеріндегі маңызды күндердің ешбірін астрологиялық болжамсыз, есептеусіз
өткізбейді.
- Астрологияның барлық бағытында Тоқтымен басталып, Балықтармен аяқталатын бізге таныс 12 белгі қолданылмайды. Мәселен, друидтер жұлдызнамасында 13 белгі болса, славяндық өсімдіктер жұлдызнамасында 27 белгі бар екен.
- Тағы бір қызықты ақпарат – Үндістанда ведалық астрология ғылым саласы дәрежесінде мойындалған. Онымен қоймай, 2000 жылдан бастап 35 жоғарғы оқу орнында негізгі пәндер қатарына енгізілген екен.
- «Астрология күні» жайлы білуіңіз бар ма? Атаулы күн наурыз айының 20 жұлдызында тойланады. Дәл осы күні астрологиялық жаңа жыл да басталады.
- 12 жұлдыз белгісін «жан-жануарлық» (жануарлар суретімен таңбаланған) және «адами» (адам бейнесімен таңбаланған) деген топтарға бөліп қарастыратынын білесіз бе? «Адами» белгілерге Егіздер, Бикеш, Суқұйғыш және Таразы жатқызылады. Ал, қалған белгілердің «жан-жануарлық»тобына кіретіні түсінікті. Астрологтардың айтуынша, «адами» белгі аясында туғандар ұтымды әрі тиімді әрекет ететіндер, ал, «жан-жануарлық» белгі аясында туғандар қызуқанды, ұрыншақ болады.
- Астрологиялық болжамға сенетіндердің 78 пайызы әйелдер екен.
- Ал, аталған ғылымның ең кең тарап, нық бекіген ортасы – Америка Құрама Штаттары. Онда тіпті, кәсіпкерлердің өзі бизнесті жүргізу, қаржыны басқару, жаңа істі бастауға қатысты сұрақтармен астролог көмегіне жүйелі түрде жүгінеді екен.
- Қай діннің болмасын қашан да астрологияға қарсы болғаны белгілі. Алайда, католик дінінің тұтқасын ұстаушы Рим Папасының өзі де жеке жұлдызжорамалын жасату үшін астроболжамшыларға баратын болған деген ақпарат бар.
Міне, осындай фактілер жұлдызжорамалға ғана емес, астрология ғылымына деген қызығушылықты да арттыратыны сөзсіз. Сіз бұрын білмеген ең қызық ақпарат қайсы болды?
Аударған: А.Мейірханқызы,