​Бір-біріне ҚАТТЫ ҰҚСАЙТЫН ЖҰЛДЫЗДАР кімдер?

0
2 316

сіздің мінез-құлқыңыз өз белгіңізден бөлек, тағы қайсысына ұқсайды екен?


​Бір-біріне ҚАТТЫ ҰҚСАЙТЫН ЖҰЛДЫЗДАР кімдер?

Адамдар әртүрлі. Әрқайсының өзіне ғана тән, басқалардан бөлектеп тұратын ерекшелігі бар. Алайда, ұқсастықтары да жоқ емес.

Астрологтар жұлдызбелгілерге жекелей сипаттаманың түр-түрін жасай отырып, олардың ұқсас жақтарына да жорамал жасаған екен. Оқып көріңіз, сіздің мінез-құлқыңыз өз белгіңізден бөлек, тағы қайсысына ұқсайды екен?


ТОҚТЫ мен МЕРГЕН

Екеуі де күйгелек, эмоцияға берілгіш, қызуқанды. Келбеті, мимикалары харизмаға толы. Өмірдің әрбір сәтін мазмұнды да мәнді өткізгісі келеді. Сондықтан үнемі белсенді, жаңалықтарға ашық, ұсыныстардан бас тартпайды. Аяқ астынан шешім қабылдап, көп ойланбай іс тындыра салады. Қате жіберсе, ол үшін сан соқпайды, сабақ ретінде қабылдап, тәжірибе алады. Саяхаттағанды жақсы көреді, айналасынан үнемі тосын оқиғалар іздеп жүреді. Сырт көзге қатал, мықты, тәкаппар болып көрінеді, алайда жақын танЫсып, ішіне үңілгендер жүрегі жұмсақ, жаны нәзік, сезімтал жанды көреді.


ТОРПАҚ пен САРЫШАЯН

Екі белгі иелері де байсалды, ұстамды, адал жандар. Өз меншігін, тіпті, жақын адамдары мен ішкі эмоцияларын да қызғыштай қориды. Өзіне және жақындарына қамқор. Сырт көздің сынынан қорықпайды, адамдардың бағасына, пікіріне тәуелді емес. Көп нәрсені көңіліне алмай, артық-ауыз сөздерді елең қылмағанымен, сатқындықты кешіре алмайды.


ЕГІЗДЕР және СУҚҰЙҒЫШ

Екеуіне ортақ белгілер: шулы, көңілді ортаны жақсы көреді, өйткені, өздері сондай. Әзілге жақсы, таңырқатарлық қабілеттері мен әдеттері көп, ойы ұшқыр. Көпшіліктің ортасында дараланып, бірден көзге түседі. Бірде әзілкеш, бірде бүлікші, қай кезде қай қасиеті қосылып кететінін түсіну қиын. Ойын оқу, эмоциясын болжап білу де мүмкін емес. Кейде тіпті жүзіне қарап тұрып «Осы ойлана ма екен өзі? Эмоциясын шығара ма?» деген сауалға жауап іздеп кетесің.


ШАЯН мен БАЛЫҚТАР

Белгі иелерінің мінез-құлқы эмоцияға берілгіштік, өзгелерге қамқорлық жасау, сезімталдық, рухының мықтылығы жағынан бір нүктеге тоғысады. Ішінде ештеңе жасырып қалмайды, эмоциясы болсын, айтар сөзі болсын, бірден ақтарып салады. Біреудің ойын оқып, жағдайын айтқызбай түсінетін қағілез. Айналасындағы адамдарға жанашырлық, қамқорлық көрсете алады. Сырт көзге әлсіз көрінгенімен, қара күштің иесі, сөзбен шеше алмаған жерде білек күшін қолданудан тайынбайды.


АРЫСТАН және ТАРАЗЫ

Өзіне сенімді, тартымды, ерке, мейірімді, жүрегі махаббатқа толы – екі белгі иесі туралы да осылай айтуға болады. Жүрегі де, сырт келбеті де әрқашан жас, кейде оларды қартаймай ма деп ойлайсың. Өтірік айтпайды, көзіне қарап жалған сөйлегендерді суқаны сүймейді. Өзіне ұнамаған жайтты, жіберген қателікті көріп тұрса, ашық әрі тіке айтады. Кек сақтамайды, кешірімді, бәріне түсіністікпен қарауға тырысады.


БИКЕШ пен ТАУЕШКІ

Екеуі де өте ақылды, қиял әлемінде қалықтамайды, бәріне шынайы көзқараспен қарайды. Бас пайдасы үшін біреудің алдында бас иіп, жағыну үшін жалпақтамайды. Үнемі алдын ала құрылған жоспармен, тәртіппен, ретпен жүреді. Қиындық туса, қайғырмай, бірден шешімін іздеуге кіріседі. Тіпті ең қиын жағдайларда да жақсылыққа сенімін, позитивті күйін жоғалтпайды.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

НУМЕРОЛОГ БОЛЖАМЫ: 2023 ЖЫЛ КІМ ҮШІН ТАБЫСТЫ БОЛАДЫ?