Айналаңыздағы сіз үшін жіберіліп жатқан белгілерді байқайсыз ба? Жаратылыстың қандай да бір болғалы тұрған жайттарды алдын ала ескертетініне сенесіз бе, жалпы?
Мұндай белгілер көбіне сан арқылы беріледі. Жол үстінде бара жатып кейде бірдей үш саннан тұратын нөмірлерді көзіміз шалады. Мұндай сандар көліктің иесі үшін «беделді нөмір» болуы мүмкін. Ал сіз үшін ол – берілген белгі деп түсінуіңіз керек. Сонда кей жағдайларды алдын-ала сезіп, дайындық жасап үлгересіз.
Қай санның астарында қандай мазмұн жатқанын нумерология көмегімен біле аласыз.
000 – Жақында ғана жағымсыз жағдай немесе қиындықты басыңыздан өткердіңіз. Енді сізге жақсылап демалып, қайта күш жинауыңыз керек. Әйтпесе, көп ұзамай күш-қайратыңыз сарқылып, өмірге деген қызығушылық өшуі мүмкін.
111 – Бар назарды өз ойларыңыз бен қалауларыңызға аударыңыз. Ішкі даусыңызды мұқият тыңдаңыз. Жақында сізге үлкен мүмкіндік сыйлайтын оқиға орын алады. Оны түйсігіңіз сезіп, «жіберіп алма» деп дабыл қаққан сәтке дайын жүріңіз.
222 – Идеяларыңызды назардан тыс қалдырмай, жүзеге асыруға тырысыңыз. Жақын арада қатты қалаған нәрселерді іске асыруға жақсы мүмкіндік туады.
333 – Қайырымды болыңыз, көмекке мұқтаж жандарға қамқорлық жасаңыз. Діттегеніңізге жету үшін адамдарды пайдаланбаңыз. Сонда сізге де өзгелер тарапынан мейірім молынан келеді.
444 – Өзіңізге сенімді болыңыз, болашақтан қорықпаңыз. Барлық үрейлеріңізді түбегейлі жоюмен жұмыс жасаңыз. Жебеуші періштелеріңіз сізді ешқашан жарты жолда не қиындық үстінде қалдырмайды.
555 – Жақын арада өміріңізде үлкен өзгерістер орын алады. Бәріне дайын болыңыз. Өзгеріс жақсы жаққа қарай болатынына сеніңіз және қандай жағдай болса да, сабыр сақтаңыз.
666 – Материалдық дүние жайлы көп ойлап кеттіңіз. Шынайы құндылықтарыңыз жайлы қайта ойланыңыз. Таныс болсын, бейтаныс болсын, адамдарға көмек қолын созыңыз. Жақсылық жасаңыз, сонда өзіңіз де, өміріңіз де жақсы жаққа қарай өзгереді.
777 – Алған бағытыңыз дұрыс. Осы жолдан таймаңыз.
888 – «Бәрі өткінші» - бұл сандар сізге осыны айтқысы келеді. Барлық нәрсе әйтеуір бір күні бітеді. Бұл қазіргі мол табысыңыз немесе басқа түскен қиыншылық болуы мүмкін. Біреумен болған түсініспеушілік те, тым жақсы болып кеткен қарым-қатынас та болуы ықтимал.
999 – Дәл қазір біреу сіздің көмегіңізге мұқтаж. Материалдық жағынан болсын, қолыңыздан келетін қандай да бір іс болсын, білгеніңізбен бөлісу болсын, көмек сұрағанның қолын қайтармасаңыз жөн болар еді.
Аударған: А.Мейірханқызы,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: