МАУСЫМДЫҚ БОЛЖАМ: ​2026 жылдың ҚЫСЫ қандай болады?

0
223


МАУСЫМДЫҚ БОЛЖАМ: ​2026 жылдың ҚЫСЫ қандай болады?

Сурет: i.pinimg.com

2026 жыл – бүкіл жүйені жаңартатын цикл. Өмір өзіңді алдауды қойған кезде жеңілдей түседі. Егер 2025 жыл ішкі шиеленіске толы болса, 2026 – ішкі тыныс алудың жылы. Бұл – сүзгіден өткізу жылы: адамдарды, құндылықтарды, қажеттіліктерді.

Бұл жыл мүмкіндіктер есігін айқара ашады, жомарттық танытады. Бірақ тек соған дайын, лайықты адамдарға ғана. «Әлі уақыты емес» деп келгеннің бәрі енді пісіп-жетілді. Тәуекелшіл болыңыз, көптен бастауға қорқып жүрген істер енді үрей тудырмауға тиіс. Айламен, біреудің ақысын жеумен құрылғанның бәрі күйрейді, адал дүниенің бәрі гүлденеді.


Қыс – ішкі дүниені реттеу, бағыт айқындау уақыты

2026 жылдың қысы сырттай тыныш көрінгенімен, күрделі әрі маңызды процестерге бай болады. Адамдарды әр нәрсеге байыппен қарауға итермелейді. Бұл кезеңде артық нәрселерден арылу, жауапкершілікті қайта тарату, ұзақ мерзімді жоспар құру маңызды.

Қыс — асықпай, бірақ нақты қадам жасауға арналған мезгіл. Уақытты, қаржыны, күш-қуатты қайта есептеңіз. Ішкі тәртіп орнатыңыз. Шешім қабылдауда эмоция емес, ақылға сүйеніңіз.


Көктем ояну, серпіліс және батыл бастамалар нүктесі

Көктемде өмір қарқыны жылдамдайды. Марс белсенділік береді, ал Юпитер жаңа жолдарды ашады: оқу, жұмыс, келісімдер, сапарлар, тағдырлы таныстықтар. Біреу үшін бұл – жоғары серпіліс, енді біреу үшін еркіндікке ие болу.

Көпшілік үшін көктем — ішкі шектеулерден босау, бұрын қорқып келген қадамды жасау уақыты. Идеялар пісіп-жетіліп, әрекетке көшуге мүмкіндік туады. Бастамадан қорықпаңыз. Өткенге қарайламай, алға көз тастаңыз. Ресурстарыңызды нақты мақсатқа бағыттаңыз.


Жаз тексеру, шыңдалу және тепе-теңдік кезеңі

Жаз – белсенді әрекеттің шарықтау шегі, бірақ сонымен қатар сынақ кезеңі. Бұл маусымдағы көптеген жағдайлар кез келген нәрсенің нақты құрылымсыз ұзаққа бармайтынын еске салады. Уақытша тоқыраулар, мақсатты қайта нақтылау, эмоциялық әлсіреулер болуы мүмкін. Алайда дәл осы уақытта мықты іргетас қаланады. Дәл сол іргетас кейін көптеген нәрселерге тірек, сүйеу болады.

Кеңес: Демалыс пен жұмысты теңестіріңіз. Артық міндет жүктемеңіз. Қарым-қатынаста ашық болыңыз.


Күз – нәтиже, тұрақтану және марапат уақыты

Жыл бойы жан-тәнімен істелген еңбектің жемісі күзде келе бастайды. Қаржы көбейеді, мансап жоғарылайды, абырой артады, жайлылық тұрақталады. Желтоқсанға қарай әр адам «Қазіргі жағдайым жыл басындағымен салыстырғанда әлдеқайда жақсы» деп қорытынды шығара алады.

Кеңес: Нәтижені қабылдаңыз, өзіңізді бағалаңыз. Алдағы жылға іргетас қалаңыз. Артық асығыстықтан аулақ болыңыз.


Жыл бойы жадыңызда ұстау керек кеңестер:

  • Өзгерістерден қорықпаңыз, қарсыласпаңыз. Өзгеріс жақсы болса да, жаман болса да, сізді тек өсіреді.
  • Әзіл-қалжыңды, позитивті көңіл-күйді сақтаңыз. Ол көп жағдайдан жеңіл алып шығады.
  • Қорқып тұрсаңыз да, қызығушылығыңыз болған нәрсені байқап көріңіз. Дәл сол нәрседен сіз үшін жаңа даму нүктесі басталады.
  • Барлығы өздігінен реттелуін күтпеймін — мен әлемді өзімше қайта құрастырамын».


Жылдың ұраны:

«Мен өмірден күтпеймін, маған қажеттіні саналы түрде өзім жасаймын».

2026 жыл – саналы таңдау, ішкі кемелдік және шынайы қозғалыс жылы. Ол жылдамдықты емес, бағытты бағалайды.

Аударған: А. КЕРІМ БЕК,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Адамның туған айы мінезі, тағдыры туралы не айтады?