​Мінезіңізде қандай мін бар?

0
3 012

Бойымыздағы жаманнан арылып, өз-өзімізді түзетіп, тезге салмасақ, тым болмағанда тырыспасақ, адамдығымыз қайсы?


​Мінезіңізде қандай мін бар?

фото: andysautobridgeville.com

Әркімнің-ақ бойынан әлсіз, осал тұсы табылады. Яғни, кемшіліксіз адам болмайды. Алайда, мынадай мінім бар екен деп, оны елең қылмай жүре беруге де болмас. Бойымыздағы жаманнан арылып, өз-өзімізді түзетіп, тезге салмасақ, тым болмағанда тырыспасақ, адамдығымыз қайсы? Ендеше, сіз өз бойыңыздағы қандай мінезге қарсы күресуіңіз керек?


Тоқты

Қырсықтық, көңіл-күйдің құбылмалылығы. Бұлар — өзіңізге де, өзгеге де зиянын тигізетін әдеттер. Сондықтан, арылуға әрекет жасаңыз. Қырсықтықты тұншықтырып, көңіл-күйіңізді барынша бақылауда ұстасаңыз, аз да болса басуға әбден болады.


Торпақ

Жалғыздыққа қатысты қорқыныш — сіздің ең әлсіз тұсыңыз. Бәлкім оған өткенде болған бір оқиғалар себеп. Алайда, қорқыныш деген — қараңғы шыңырау. Төменіне құлдилаған сайын айналаны айқын көруден қаласыз, қайта шығу да қиын болмақ. Сондықтан, онымен бүгіннен бастап күресіңіз. Бастысы, жақын жандардың сізді жалғыз қалдырмайтынын және кейде жалғыз қалудың да жақсы жақтары бар екенін естен шығармаңыз.


Егіздер

Өзгелердің пікіріне тәуелділік. «Мен не қалаймын?», «Мен қалай ойлаймын?» деудің орнына «Басқалар бұған қалай қарайды?», «Ел-жұрт не дейді?» деген сұрақтарды өзіңізге тым жиі қоясыз. Мұндай тәуелділік адымыңызды алға бастырмайды. Өйткені, өзгелер сіздің емес, өзінің алға басқанын қалап, жолыңызды бөгей беретін болады. Сондықтан, сіз де аздап өзімшіл болыңыз. Өзгелердің пікірін ескеріңіз, алайда соңғы шешім өзіңізден болсын.


Шаян

Өзіңізді шектен тыс бақылауға аласыз. Сіздің мінезіңіздегі ең үлкен міннің өзі — мінсіздікке ұмтылу. Соның салдарынан өзіңізге толыққанды өмір сүруге, ойыңыз бен қалауыңызды еркін жүзеге асыруға мүмкіндік бермейсіз. Жан-жақтан құрсаулап, қысқан «белбеуді» аздап босатып, өзіңізге кешіріммен қарауды үйреніңіз.


Арыстан

Сырт көзге өзіңізге сенімді жан көрінесіз. Алайда, жүрек түкпірінде үлкен сенімсіздік тұр. Өзгелерге тек жақсы жағынан көрінуге, барлық жерде және барлық уақытта мықты болуға тырысу сол сенімсіздіктен туған қадамдар. Бірақ, қараңызшы, сіздің қолыңыздан оның бәрі келіп жатыр ғой. Ендеше, неге сенімсіздіктен әлі арыла алмай жүрсіз?


Бикеш

Тым қатты сыншылсыз. Қояр талаптарыңыз да жоғары. Осы әдетіңізбен өзіңізді де, өзгелерді де қажытасыз. Ұсақ-түйекке дейін мән беретін сыншылдық кез келген қарым-қатынасқа сына түсіреді. Сіздің сыныңыздан сүрінбей өтуге ешкім міндетті емес, осыны ұғыңыз. Тіпті, өзіңіз де.


Оқи отырыңыз:

Қаңтар айына арналған қаржылық жұлдызжорамал


Таразы

Өзгелердің пікіріне тәуелділік — адымыңызды алға бастырмайтын, қалауыңызды жасатпайтын құрсау. Сіз осы құрсаудасыз. Біреулердің көңілінен шықпай қаламын-ау деген қорқыныш бойыңызды билеуде. Қарсы күресуге әлі де кеш емес. Өз өміріңізді өз пікіріңізбен, өз ойыңызбен сүріңіз.


Сарышаян

Біреуге сенім арту — сіз үшін ең қиын нәрсе. Мұның дұрыс емес екенін білесіз, бірақ күреспейсіз. Ал, оны қолға алатын уақыт әлдеқашан жеткен. Қашанғы ешкімге сенбей, бар ауыртплықты өзіңіз арқалап жүрмексіз? Өзіңізді біреуге сенуге үйретуді ет жақындарыңыздан бастаңыз. Олар сеніміңізді ақтап, орға жыға қоймас.


Мерген

Өзгелердің назарына тәуелдісіз. Сізге ешкім көңіл аудармай қойса, біреу үшін ең басты адам екеніңізді сезінбесеңіз, өмірдің бар мәнін жоғалтқандай боласыз. Бұл мәселені шешу үшін сізге ең керегі — өзгелердің емес, өз назарыңыз, өзіңізді өзіңіз сүюіңіз.


Тауешкі

Қателік жасаудан қорқу — бұл да алға қадам жасауға мүмкіндік бермейтін бұғау. Адамдар қателік жасау арқылы сабақ алады. Қайта байқап көреді. Сол арқылы тәжірибе жинайды, алға жылжиды. Ал, қателік жасаудан қорқып, адымыңызды ашпай тұра берсеңіз, бір орында қалып қоясыз, әлбетте.


Суқұйғыш

Тым сезімталсыз. Бірақ, басты кемшілігіңіз бұл емес, оны басып тастайтындығыңыз. Иә, сезімталдығыңызды көрсетпеу үшін эмоцияңызды жасырып әлексіз. Салдарынан ең жақын деген жандар да сізден бір ауыз жылы сөз ести алмай жүр. Жан сырыңызды ұға алмайды. Содан да көп түсініспеушіліктер орын алады. Сөзбен немесе іспен — өзіңізге қайсысы ыңғайлы екенін анықтап, сезіміңізді білдіріп үйреніңіз.


Балықтар

Өз шешімдеріңіз бен қадамдарыңыздың дұрыстығына деген күмән көкейіңізден бір сіт те шықпайды. Себебі, өзіңіз шығармайсыз. Неге? Ешкімнің де әрбір жасаған ісі, ойлаған ойы мен айтқан сөзі, шешімінің бәрі бірдей дұрыс не бұрыс бола бермейді. Бірде шалыс басса, бірде тура жолды табады. Сізде де солай.

Аударған: А.Мейірханқызы,

ERNUR.KZ