Адамның тағдыры мен мінез құлқына жорамал жасау үшін әдетте дүниеге келген күнін есепке алады да, туған жылы елеусіз қалып жатады. Әйткенмен, оны ескермеуге болмайды дейді болжамшылар.Туған жылыңыздың соңғы санының аса маңызды екенін айта келіп, оларды табиғаттағы 5 элементтің біріне жатқызады да, соған қарап болмысыңыздың тағы бір қырын ашады.
1-2 - МЕТАЛЛ
Металдық элемент аясында туған жандар бірбеткей, мықты тұлға болып келеді. Қашанда көздеген мақсаты бар. Сол мақсаттан ауытқымайды, оңды-солды көз арбаушылар мен көңіл алдаушыларға мән бермейді. Қалағанына қол жеткізу үшін бәріне баруға дайын. Елден ерек еңбекқор. Жалғыздықты жақсы көреді, шулы ортаны, көпшілік жиналған орындарды ұната бермейді. Мінезі қатал, өзін де, өзгені де қатаң тәртіпке бағындыра алады.
2-3 – СУ
Су элементі желеп-жебеген жылдары дүниеге келген кісі сезімтал, нәзік келеді. Бойында ақсүйекке тән қасиеттер, биязылық, әдептілік басым. Отбасы мен балаларын бәрінен де биік қояды. Айналасына адал да сенімді достармен қорған соғуды құп көреді. Жалғыздықтан қатты қорқады, сондықтан үнемі көпшілік ортасында жүруге тырысады. Ішкі түйсігі жақсы дамыған, тіпті, көріпкелдігі де болуы ықтимал. Қиялы кең, жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға.
4-5 – АҒАШ
Ағаш элементі аясында туғандар еңбекқор, жинақы, ұйымшыл, өз-өзін барлық жағынан қамтамасыз ете алатын тәуелсіз тұлға болып келеді. Ең басты да басым қасиеті – ұқыптылық. Ешқашан ешқайда кешікпейді, тәртіп бұзбайды. Өмір мен жанына қажеттінің көбін саяхаттан табады. Ұзақ уақыт бойы бір жерде өмір сүру, бір жұмысты жасау, жалпы алғанда, бірсарындылық оларға тән емес. Қашанда өзгеріс пен жаңашылдық, жарқын эмоция іздейді.
6-7 – ОТ
Жалындап тұрған От стихиясы жылында туғандар – ештеңеден қаймықпайтын, қатал, кейде тіпті қатыгез адамдар. Аяқ астынан шешім қабылдаудың шебері. Тіпті, бір сәтте бүкіл өмірін түбегейлі өзгерте салу олар үшін түк емес. Қашанда өмірден өз орнын іздеумен жүреді. Содан да тым құбылмалы, тұрақсыз. Пікірі де, көзқарасы да, өмір салты да жиі өзгеріп тұрады. Бір жақсысы, қандай істі қолға алса да асқан құлшыныспен кірісіп, жақсы нәтижемен аяқтайды.
8-9 – ЖЕР
Жер элементі жылында дүниеге келгендер өткір аналитикалық ойлау қабілетімен, тік мінезімен ерекшеленеді. Шыншыл, әдептен озбайтын, кез келген адамға үлкен құрметпен қарай алатын жандар. Бір кемшін тұсы – өзгенің алдау-арбауына тез түсіп, бақылау мен бағыттауға оңай көндігеді.
Дереккөз: www.syl.ru
Аударған: А.Мейірханқызы,