Сурет: ЖИ
Адамның туған күнінде оның мінезі мен өмір жолына қатысты көптеген белгі бар. Нумерологияда туған күнге қарап қарым-қатынаста өзін қалай ұстайтынын және қандай күйеу болатынын болжауға болады.
Қалай есептеу керек?
1. Туған күніндегі барлық сандарды қосыңыз. Мысалы, адамның туған күні – 12.04.2003 жылғы болса: 1+2+0+4+2+0+0+3 = 12
2. Егер екі таңбалы сан шықса, бір таңбалы санға дейін қысқартыңыз: 1+2 = 3
Демек, бұл адамның саны — 1.
Енді өзіңізге керек санды төмендегі тізімнен тауып көріңіз.
1 саны
Мұндай ер адам өзін отбасының тірегі әрі жауапты адам екенін сезіне алады. Ол көшбасшылыққа бейім, мақсат қойса, соған жетуге тырысады. Егер сіз де мықты мінезді, өзіне сенімді әйел болсаңыз, оның басшылығына жол берген дұрыс. Бәрін өз қолыңызға алып қоймауға тырысыңыз. Мұндай ер адамға өзін қажет сезіну маңызды. Кейбір мәселелерде еріңізден көмек сұрап, маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндік беріңіз. Бұл өзіне деген сенімін арттыруы мүмкін.
2 саны
Бұл санға жататын ер адамдарды жақсы серік болады деп сипаттайды. Олар дау-жанжалды айналып өтуге, келісімге келуге тырысады, мәселені байыппен сөйлесу арқылы шешкенді ұнатады. Мұндай адаммен ашық диалог құрып, ішкі ойыңызды бөлісе аласыз. Сезімге жақын, романтик болуы мүмкін. Егер сізге қамқорлық пен жылы қарым-қатынас маңызды болса, бұл сан аясындағы азаматпен өмірдің көңіліңізден шығу ықтмалдығы жоғары.
3 саны
Үш санына жататын ер адамдар белсенді, көңілді және көпшіл болады. Көпшілік ортада жүргенді ұнатады, жаңа адамдармен тез тіл табысады.
Оларға бірсарынды өмір ұнамайды. Сондықтан қарым-қатынаста ортақ қызығушылық пен бірге уақыт өткізу маңызды. Егер сіз үнемі уайым-қайғыны айтып, барлық мәселеңізді оның мойнына арта берсеңіз, түсінісу қиын болуы мүмкін. Жақсы жағы, мұндай ер адамдар балалармен оңай тіл табысады.
4 саны
Төрт санына жататын ер адам еңбекқор әрі тәртіпті болады деп сипатталады. Уақытты бағалайды және кешігуді ұнатпайды. Ол үшін үйдегі тәртіп пен қалыптасқан күн тәртібі маңызды болуы мүмкін. Жұбынан да ұқыптылық пен практикалық көзқарасты күтеді. Мұндай адамға ойды астарлап жеткізгеннен гөрі, мәселені ашық әрі тура айтқан дұрыс.
5 саны
Бес саны белсенділік пен өзгерісті ұнататын адамдардың саны ретінде сипатталады. Мұндай ер адам бірсарынды өмірден тез жалығуы мүмкін. Жаңа идеяларды, қызықты оқиғалар мен әртүрлілікті жақсы көреді. Сондықтан қарым-қатынаста бірге жаңа нәрселерді байқап көру маңызды болуы мүмкін. Мұндай адамдарға шамадан тыс бақылау ұнамайды. Сенім мен ашық сөйлесу олар үшін маңызды.
6 саны
Алты санына жататын ер адамды отбасына берілген, үй-ішін қатты бағалайтын адам. Ол жары мен балаларына қамқорлық көрсетуге барын салады. Жылы сөз, көңіл бөлу және жанында болу оның сүйіспеншілікті білдіру тәсілі. Сонымен қатар мұндай ер адамдар ұқыптылық пен әдемілікке мән береді. Сондықтан үйде де жинақы жүргенді ұнатады.
7 саны
Жеті санына жататын ер адам ойлануды, күрделі тақырыптарды талқылауды ұнатады. Ол кейде тұйық немесе өзімен-өзі болып көрінуі мүмкін. Сондықтан анда-санда жалғыз қалдырып, ойын жинақтауына мүмкіндік берген дұрыс. Қарым-қатынаста шынайылық пен өзара түсіністікті маңызды санайды. Өзін сүйікті әрі қажет адам ретінде сезінбесе, сезмдерін, ойы мен эмоциясын ішіне жасырып, тұйықталып кетуі мүмкін.
8 саны
Сегіз санына жататын адамдар әрдайым үлкен мақсат көздеп, соған ұмтылумен болады. Мансапқа, жетістікке және қаржылық тұрақтылыққа аса мән береді. Мұндай ер адам өз еңбегінің бағаланғанын қалайды. Өз жетістіктері туралы айтқанды да ұнатуы мүмкін. Ол үшін серігінің өзін күтіп, ұқыпты жүргені маңызды. Бірақ қарым-қатынаста адамның құндылығын тек сыртқы келбетпен немесе әлеуметтік мәртебемен бағалау дұрыс емес екенін де ұғынады.
9 саны
Тоғыз санына жататын ер адамдар мейірімді, сезімтал, жанашыр және көмектесуге дайын болады деп сипатталады. Олардың достары көп болуы мүмкін. Біреу көмек сұраса, өз шаруасын кейінге қалдырып, өзгеге қол ұшын беруге дайын тұрады. Мұндай ер адамға қарым-қатынаста сүйіспеншілік пен қолдау маңызды. Оның жасаған жақсылығын бағалап, қиын сәттерде жанынан табылған адамды төбесіне көтереді.
Ер-азаматтың отбасында қандай күйеу, әке болатынына туған күні, табиғи болмысы ғана емес, тәрбие, өмірлік тәжірибе, қоршаған орта және жеке таңдауы да әсер етеді. Сондықтан бұл сипаттамаларды нақты шешім емес, қызықты болжам ретінде қабылдаған жөн.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:


