Сурет: ie.pinterest.com
ТОҚТЫ
Олар үшін сенбі-жексенбілік демалыс — марафонға қатысу, дос, туыстармен кездесу, сауық кеші немесе сапарға шығу.
ТОРПАҚ
Әр жұмада өзіне-өзі «Осы демалыста армансыз қыдырамын» деп уәде береді. Бірақ ертесіне жылы көрпесін қимай кешке дейін жатуы, тіпті кейде екі күн бойы шықпауы мүмкін.
ЕГІЗДЕР
Сенбіні белсенді демалысқа, жексенбіні үйдегі жайлы уақытқа арнайды. Немесе керісінше. Немесе екеуі де бірге. Әйтеуір бәріне уақыт табады.
ШАЯН
Жайлы үй. Жылы төсек. Дәмді ас. Қызықты кино...
Шаяндар үшін сенбі-жексенбі күндері тек осы ұғымдармен ассоцацияланады.
АРЫСТАН
Сән-салтанатты, көпшіліктің назарын ұнататын белгі иелері сенбі-жексенбіні үйде өткізуді ұнатпайды. Көрікті жерлерге, атышулы дәмхана-мейрамханаларға, т.б. міндетті түрде барады. Фото-видеоға түсу, оларды желіге жүктеу — сүйікті хоббиі.
БИКЕШ
Үй-жайды реттеу, азық-түлік, керек-жарақтарды түгелдеу, тазалық жұмыстары — осының бәрін жасап жүріп, басқа нәрселерге уақыт қалмайды. Бірақ оған бас қатыра қоятын Бикеш жоқ. Өйткені мұндай шаруалардан шаршамайды, керісінше, энергия алады.
ТАРАЗЫ
«Бір жаққа қыдырсам ба... Әлде үйде тыныш, рахаттанып жатсам ба...» деп ойланып жатқанда түс болады. Орнынан тұрып, жуынып-киінем дегенше кеш болады. Ақыр соңында күн батты деп төсекке қайта бас қояды.
САРЫШАЯН
Сенбі-жексенбі күндері қайда болатынын, не істейтінін Сарышаянның өзінен басқа ешкім білмейді. Жанына ешкімді ертпейді, жоспарымен бөліспейді, қайда кеткенін айтпайды, телефонын алмайды... Оңашада жаны қалаған іспен айналысатыны анық.
МЕРГЕН
Сенбі күні таңғы сағат сегізде Мерген ұйқысын ашып, жуынып-киініп дайын отырады. Қайда барады, не істейді — өзі де білмейді. Әйтеуір кез келген идеяға, кез келген ұсынысқа дайын. Ешкім шақырмаса, өзі бірдеңе ұйымдастырып жібереді. Тек үйде отырмаса болғаны.
ТАУЕШКІ
Еңбекқор Тауешкілер демалыс күндерін де жұмысқа арнаудан бас тартпайды. Тіпті, мерекелік демалыстардың өзінде басқалардың бәрі думандатып жүрсе, олар жұмыс істеп жатуы мүмкін. Алда-жалда демала қалса, оны тек үйде өткізгенді ұнатады.
СУҚҰЙҒЫШ
Суқұйғыштардың әр сенбі-жексенбісі өзгеше өтеді. Кейде қызықты, кейде, экстремалды, енді бірде жан тебірентерлік жағдайлар орын алуы мүмкін. Әйтеуір ерекше есте қалатын жайттар болады да тұрады. Тіпті, демалысты осылай өткізем деп өзінің де ойына кіріп-шықпаған болуы мүмкін.
БАЛЫҚТАР
Апта бойы «Осы демалыста жақсылап ұйқымды қандырамын» деп дайындалған жоспарын Балықтардың өзі бұзады. Сенбінің таңындағы 4-5-тен бастап оны терең ойлары оятады. Содан екі күнді философиялық ойлармен, рухани ізденіс, қайырымдылық сияқты істермен өткізеді.
Аударған: А. Керім Бек,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: