18+: БҰЛАЙ ЖАСАҒАН адам 60 күн үзбей ОРАЗА ҰСТАЙДЫ

0
12 848

Ораза ұстаған адам жыныстық қатынасқа түсіп қойса не болады?


18+: БҰЛАЙ ЖАСАҒАН адам 60 күн үзбей ОРАЗА ҰСТАЙДЫ

иллюстрациялық сурет: интернеттен алынды


Қай кезде болады?

Рамазан айының түндерінде жұбайыңмен жыныстық қатынасқа тұруға болады. Құранда былай делінген:«Сендерге оразаның түндерінде әйелдеріңмен жақындасуға рұқсат етілді. Олар сендер үшін жамылғы. Сендер де оларға жамылғысыңдар.»


Қай кезде болмайды?

Ораза тұтып, ауыз берік кезде жыныстық қатынасқа түсуге болмайды және бұл оразаны бұзады.

Ұрық бөлінбесе де, кез келген жыныстық қатынас еркектің оразасын бұзады. Әйелдер үшін еркектің жыныс мүшесінің сәл де болса енуі оразаны бұзады.


Құшақтап, сүйісуге бола ма?

Пайғамбарымыз (оған Алланың селімі мен игілігі болсын) ораза кезінде өз әйелдерін құшақтап, сүюші еді:

Айшадан (Алла одан разы болсын) риуаят етіледі: «Ораза кезінде Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз әйелдерін құшақтап, сүйген кездер сирек емес еді, алайда ол сендердің кез-келгендеріңнен өзін-өзі мықты ұстай алатын» (Бухари, Муслим).

Демек, өзін ұстай алатын кез келген адам аузы берік кезде әйелін немесе күйеуін құшақтап сүйе алады. Бірақ ұстамды болу керек. Ал егер өзіне сенімсіз болса, ораза бұзатын нәрседен қашық жүргені дұрыс.

Мәселен, еркектің бойынан әйелін құшақтағаннан ұрығы бөлінсе, онда оразасы бұзылады. Ал жәй әйеліне қарағаннан ұрығы шықса, оның оразасы бұзылмайды.

Саид Жәбир (Алла оған разы болсын): «Әйеліне қарағаннан (жыныс суы) бөлінген адам оразасын жалғастыра беру керек.» (Бухари)

Өзіне сенсе де, сенбесе ораза тұтып жүрген адамның жалаңаш күйде құшақтасып, аймаласуы – мәкрүһ. Еріннен сүю де солай саналады.


Ораза қай кезде бұзылмайды?

  • Ораза екенін ұмытып кетіп жыныстық қатынас жасап қойса, бұзылмайды. Бірақ есіне түскен кезде тоқтатуы керек. Әйтпесе, оразасы бұзылады.
  • Ұйықтап жатқанда ұрық бөлінсе де ораза бұзылмайды.
  • Әйелін құшақтап, сүйген кезінде ұрық бөлінбесе, оразасы бұзылмайды.
  • Әйеліне алыстан қарап (жақындаспай) ұрық шықса да оразасы бұзылмайды.
  • Құмарлығы оянып мәзи келсе де ол оразаны бұзбайды.
  • Ауыз ашқан соң жыныстық қатынасқа тұру.


Қай кезде ораза бұзылып, қазасы өтеледі?

  • Басынан аяғына дейін зорланып не мәжбүрленіп жыныстық қатынасқа тұру. Яғни, күйеуі әйелін соққыға жығу т.с.с. жолдармен қорқытып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлесе, әйелдің оразасы бұзылады, бірақ кәффараты өтелмейді.
  • Құшақтасу, сүйісу нәтижесінде әйел мен еркектен ұрық шығуы.
  • Ұрық бөлінбесе де, ауыз берік екенін біле тұра ерікті түрде жыныстық қатынасқа тұру.
  • Жыныстық кезінде сәресі уақыты шығып кетсе жәнеәйел соны жасырса, әйелі ғана кәффаратын өтейді.


Ауыз берік бола тұра күндіз жыныстық қатынасқа әдейі түскен әйел мен еркек Рамазан айы біткеннен кейін 60 күн үзбей кәфарат қазасын өтеуі тиіс.

Түрлі дереккөзден жинақтап, ұсынған: Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ:


Шариғат бойынша ОСЫ КҮНДЕРІ жыныстық қатынасқа түсуге БОЛМАЙДЫ


ЖЫНЫСТЫҚ ҚАТЫНАСҚА түсудің МҰСЫЛМАНША 6 ЕРЕЖЕСІ бар