​ЕРКЕКТЕРДІ әйелдің қандай ҚЫЛЫҚТАРЫ қоздырады?

0
7 873

Әдемі, ақылына көркі сай әйелдерден басқа, еркектерді қандай әйелдер қызықтырады?


​ЕРКЕКТЕРДІ әйелдің қандай ҚЫЛЫҚТАРЫ қоздырады?

Әдемі сексуалды ішкиімдер мен әйелдің мінсіз мүсінін көрген еркектің есі кетіп, елігетінін білеміз. Алайда мұны барлық қыз-келіншектер түсінеді дей алмаймыз. Әсіресе тұрмысқа енді ғана шыққан жас келіншектер бұл тақырыпта әңгіме қозғауға қысылып жатады. Сол себепті де еркектерді қалай сезімге бөлеп, ерекше қылықтармен қоздырушы нүктелерін оятуға болатынын жазғымыз келді. Егер сізді бұл жағдай қызықтыратын болса, мыналарға көз жүгіртсеңіз болады.


Ашулы әйел

Ашулы әйелдердің неліктен еркектерге ұнайтынына дәлел боларлық бірде бір ғылыми зерттеу шықпаған. Дегенмен, ашуын бірден көрсетіп, ызасын шығаратын қыз-келіншектердің ер-азаматтарға ұнайтыны анық. «Сен ашуланғанда сондай әдемі, тартымды боп кетесің» деген сияқты қошемет сөздерді шығармалардан оқып, фильмдерден көруге болады. Осындай сәтте еркек нәпсісіне ерік беретін болса, ара-қатынас жақсарып, бұл да әйелге ұнауы ғажап емес.


Боянбаған әйел

Көптеген еркектерді макияжсыз, табиғи сұлулығымен баурап алатын әйелдер еліктіретінін білесіз бе? Ал, бетіне бес тонна бояу жағып, сылқымданған бикештер оларды қызықтырмайтын болып шықты. Бірақ та табиғилыққа жақын, әлсін-әлсін бояу жаққандар еркектердің көңілінен шығады екен. Сол себепті де барынша боянған әйелдер еркекті өзіне тартамын деп ойламасын. Керісінше, мұндайда олар сізден жиренуімүмкін.


Музыкалық аспапта ойнайтын әйел


Әйелдердің қандай аспапта ойнайтыны маңызды емес. Еркектер музыкалық аспапта ойнап, ән айтатын әйелдерді ұнатады. Әсіресе вокалдық қабілеті бар сылқымдар оларды еріксіз сезім құшағына жетелейді.


Әжімдер

Әрине, бетінің әрі кетіп, тым әжім түскен әйелдер жайлы айтып отырғанымыз жоқ. Еркектер көз айналасына сәл ғана әжім түсіп, өзін күтімде ұстаған нәзікжандылар өздерінің ойын бөлетінін айтқан. Осындай жастағы әйелдер олардың сезім нүктелерін «қыттықтап», баурай түседі. Мимикалық әжімдер әйелдерге ерекше көрік беріп қана қоймай, қаншалық ақыл тоқтатқанынан хабар беретінін ұмытпайық.


Көкірегі кішкентай әйелдер

Бесінші мөлшердегі көкірек иелері еркектерге ұнайды десеңіз, қатты қателесесіз. Төртінші размерлі омыраудың өзі тым үлкен. Дегенмен, көкіректің көлемі соншалықты көп рөл ойнамайды, керісінше жинақы әрі тартымды көкірек болғаны жақсы. Ендеше, ер-азаматыңызға ұнағыңыз келсе, оның қоздырушы нүктелерін тез оятқыңыз келсе көкірегіңізге де көңіл бөліп қойыңыз.


Көзәйнек тағатын әйелдер


Мектеп кезінен рқуға қызығып, білімін шыңдағысы келетін қыздар, есейе келе көзәйнек тағуға мәжбүр болады. Бірақ та дәл осындай қыз-келіншектер еркектердің ойынша нәзік әрі қорғансыз көрінеді екен. Сол себепті де болар осындай сылқымдар оларды еліктіріп, тезірек қорғаны болуға итермелейтін секілді.


Дауыс ырғағы бәсең әйелдер

Ер мен әйел арасынағы нәзік байланысты одан әрі жандандыра түсетін де әйелдің сезім құшағындағы бәсең дауыспен айтқан әсем сөздері. Осылай ер-азаматының құлағына сүйіспеншілік сөздерін айтқан әйел оны қоздырып, ынтықтыра түседі.


Жалаң аяқ

Жатын бөлмеңізде екеуден-екеу қалғанда жалаң аяқ, іш көйлекпен ары-бері жүретін болсаңыз, оның көзі сіздің аяқтарыңызға түсері анық. Бұл оның сезімін оятып, орнында тыныш жатуына ерік бермейді. Осылайша махаббат «ойыны» басталып та кетеді.


Еркек пен әйелдің арасын жақындататын осы нәрселерді жасау тек әйелдің қолында. Егер біраз талпынып көрсеңіз, бәрі де ойдағыдай болары сөзсіз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Күйеуіңізге деген МАХАББАТЫҢЫЗдың қандай деңгейде екенін ТЕКСЕРІП көріңіз


Интимді аймақты ұстарамен қыру қаншалықты дұрыс?