Шарын шатқалы әлем бойынша — 17-орынға, Қазақстан бойынша — 1-орынға тұрақтаған.
Фото: charyn-park.kz
ERNUR.KZ. Әлемге әйгілі Шарын шатқалы халықаралық The Worldworthy 100 рейтингінің 2026 жылғы шығарылымында әлемдегі ең үздік 100 каньон мен шатқалдың қатарына кірді, деп жазады inform.kz.
Миллиондаған жылдар бойы қалыптасқан ғажайып жартастар, ерекше геологиялық құрылымдар мен қайталанбас табиғат көріністері арқылы танылған Шарын шатқалы халықаралық рейтингте жоғары бағаланды.
Worldworthy 100 — келушілердің пікірлері мен ұсыныстарын, журналистік зерттеулерді және ашық дереккөздердегі мәліметтерді ескере отырып жасалатын тәуелсіз редакциялық рейтинг. 2026 жылғы каньондар мен шатқалдар тізіміне 46 елден 100 нысан енгізілген.
— Worldworthy редакциясы «Шарын» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне рейтинг лауреатының арнайы сертификатын жолдады. Бұл — Қазақстанның бірегей табиғи мұрасын әлемге танытатын қуанышты жаңалық әрі оны сақтау жолында еңбек етіп жүрген табиғат қорғаушылары үшін ерекше мәртебе! — делінген ведомство хабарламасында.


