Еркектің көзге шөп салуына ӘЙЕЛ КІНӘЛІ МЕ?

0
9 314

Еркектің табиғаты сондай оларға әрқашанда әйелдің көңіл бөлгені, күтімі қажет.


Еркектің көзге шөп салуына ӘЙЕЛ КІНӘЛІ МЕ?

Еркектердің әдемі қыз-қырқынды көрсе бір орында байыз тауып тұра алмайтыны белгілі. Көздеріменнәзікжандылардың бүкіл денесін бір шолып өтпесе көңілдері көншімейді. Мұндайда қазақ «тана көзін сүзбесе, бұқа жібін үзбейді» деп, бар кінәні аудара салатыны тағы бар. Ер-азаматтар көп жағдайда өз кінәсін мойындай бермейді. Тіпті, әйелінің көзіне шөп салса да, ақталып жатпайды. Еркектердің өз әйелінен басқаға көз салуының мынадай себептері бар көрінеді. Егер білгіңіз келсе, төмендегі мақаланы оқи отырыңыз.


Біріншіден, еркектің не үшін қызға қырындайтынын біліп, түсініп алған дұрыс.

Еркектің табиғаты сондай оларға әрқашанда әйелдің көңіл бөлгені, күтімі қажет. Сол себепті де олар некелі әйелінен алмаған жылуды сырттан іздей бастайды. Мысалы, нәзіктік, мейрімділік, еркелету, қарым-қатынас және құрмет көрсету.


Әйелінің күмәндана беруі де оларды осындай жолға итермелейді екен. Еркектер үшін әйелінің күдіктенуі – намысын таптағандай әсер қалдырады. Сонымен қатар, күндіз-түні қыр соңынан қалмай оның әр ізін қадағалап, ұялы телефонын тексеру айтарлықтай кері әсер етіп, қатты ашуландырады. Сөйтіп олар әйелінен өшін осылай алады. Басқа әйелге көз салу арқылы жаны жай тапқандай күйде болады.


Ерлі-зайыптылар арасындағы ұрыс-керіс те еркекті түзу жолынан тайдыруы мүмкін.Сонымен қатар, ер-азаматтар әрқашанда көзбен сүйетіндіктен әйелінің үнемі бұрынғыдай құлпырып жүргенін қалайды. Олай болмаған жағдайда олар көзін басқаға салатыны сөзсіз. Сондықтан да әйелдер ылғи да әдемі қалпын сақтап, жұмбақ күйінде қалуы керек. Әйтпесе бәрі де кері кетуі әбден мүмкін.


Есіңізде болсын! Жолдасыңыз басқаға қырындап, әзілдесіп тиісіп жүрсе, оның ол жанға жылулығы бар деген сөз. Одан сорақысы егер ол бһтен әйелге қоңырау шалып, хат жазатын болса, қорқа беруге болады. Мұндай жағдайда еркектер шектен шығуы ғажап емес. Ал, күйеуіңіз жай ғана әркімге бір тиісіп, қылжақтап сізді қызғандырудың әрекетін жасаса, өз жылуыңызды беріңіз. Сонда ғана ол өзге етектінің соңынан кетпейді.


Психологтардың пайымдауынша қылымсу, қырындау (флирт) – бұл жақсылықтың белгісі емес, жеңілтектік пен жауапсыздың нышаны дейді. Осындай әрекеттерден кейін көп еркектер әйелінің көзіне шөп салады екен.


Отбасылық психологтар бұл жағдайда не істеу керектігін былайша түсіндіреді:

«Көп әйелдер қазіргі өміріне күйеуінің өткен өмірін араластырырады. Осыдан кейін сенімсіздік пайда болады. Сенімсіздік орнын өзіңізге деген сеніммен алмастырыңыз. Сөйтіп өз-өзіңізден сұраңыз, күйеуіңізді басқаға кетеді деп неге сонша қорқақтайсыз? Оның біреуге қарағаны қалыпты нәрсе. Егер үнемі сенімсіздік танытып, ол басқаға көз салады деп қорқатын болсаңыз, шынында да шаңырағыңыз ортасына түседі.

Ең басысы отбасын бұзатын еркектің өзгеге қырындауы емес, әйелдердің сенімсіздігі екенін ұмытпау керек. Сондықтан да өз-өзіңізге сұрақ қойып, өзіңізбен жұмыс жасаңыз. Бойыңыздағы жақсы қасиеттеріңіз бен сымбаттылығыңызды, өзіңізге деген сеніміңізді арттыруға тырысыңыз».


Көзге шөп салудың алдын алуға бола ма?

Үй ішіндегі ұрыс-керіс, қадағалау, ашулану, үнемі шағым айту еркекті түзге айдайтын басты нәрселер екенін ұмытпау керек. Керісінше сүйіктіңіздің қалауын орындап, сезіміне шынайы жауап беріп, ашық сөйлесіп, оның өзгеге қырындауы сізге қалай әсер ететінін айтып, өзара түсінісетін болсаңыздар проблеманың алдын алуға болады. Әйелін жақсы көретін еркек ешқашанда оның жүрегін ауыртпайды, уайымдағанын қаламайды.

Ер адам өз үйінде өзіңінің қадірлі, сүйікті жан екенін сезінсе ол еш уақытта өзге әйелге кетпейді. Өйткені ол өзіне керектінің бәрін үйінен таба алады. Яғни, еркектің көзге шөп салу-салмауына әйелдердің де белгілі бір үлесі бар екенін естен шығармаған жөн болар.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Ұмытылмас түн сыйлайтын "ФИШКАЛАР"


Күйеуіңіз тек СІЗДІ қаласын десеңіз