Бұл тест ЖЕКЕ ӨМІР мен ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫҢЫЗ жайлы көп нәрсе айтады
Сурет: ЖИ
Көпшілігіміз сэндвич пен бутербродты сүйіп жейміз. Салмасына келгенде әркімнің таңдауы әрқалай. Өз қалауына, талғамына қарай түрленеді. Міне осы ерекшелік құштарлық әлеміңіз бен жұбайлық қарым-қатынасыңыз жайлы сыр шертеді.
Сэндвич, бутербродқа жиі таңдайтын қоспаңыздың ішкі сезімдеріңіз бен сексуалдық өміріңіз жайлы не айтатынын біліп көрейік.
Салат жапырағы, көкөністер
Жұбыңызға еркіндік пен жеңілдік сыйлайсыз. Бұл оған қатты ұнайды. Болашақты жоспарлауға бас қатырмайтын, маңызды тақырыптарды сағаттап талқыламайтын сияқтысыздар. Бір-бірлеріңізден ләззат алып, сәтті бағалай білесіздер. Дегенмен бұл жерде бір кішкене түйткіл бар. Сіз «күндізгі» де, «түнгі» де жұбайлық қатынасқа үстірт қарайтын сияқтысыз.
Балқытылған сыр мен бекон
Жұбыңыз екеуіңіздің мінездеріңіз де, талғамдарыңыз да қатты ұқсайды. Сондықтан бір-біріңізді қалай баурап алуды, сезім отын жағуды, қалай бақыт пен қуаныш сыйлауды жақсы білесіздер. Бұл жұбайлық өмірде өте үлкен артықшылық. Арадағы түсіністікті барынша арттыра түседі.
Канапе
Әрқашан сезімге шөлдеп, жаңа әсерлерге тоймай жүретін жансыз. «Барымен – базар» деп өзіңізді қанағатсыз көрсетпеуге тырысасыз. Алайда, соңында бәрібір өзіңізді толыққанды бақытты сезінбейсіз. Жұбыңызбен «жеке сәттер» толықтай қуаныш сыйлай алмай жүргендей көрінеді. Мұндай ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін сізге жаңа әсерлер мен тереңірек түсіністік қажет.
Жұмыртқа
«Бақыттың шегіне» жету үшін сізге көп нәрсе керек емес. Азға қанағат тұтасыз. Ал сыңарыңыз әр кез күткеніңізден асып түседі. Мұндай «тасқын» мен «жалынға» мүлде қарсы емессіз. Ең бастысы, өзіңізге керекті ләззат пен бақытты толықтай аласыз. Бұл араларыңыздағы ынтызарлықты күн сайын арттыра түсетін сияқты.
Хумус
Жақындықтың уақыты, орын мен жағдайға талғампазсыз, бәрінің мінсіз болғанын қалайсыз. Әрдайым жарқын эмоция сезінгіңіз келеді. Ең басты артықшылығыңыз – серігіңізді тыңдай білуіңіз. Сіз оның қалауларын орындауға, ортақ мәмілеге келуге әркез дайынсыз. Дәл осы түсіністік пен өзара қолдаудың арқасында қарым-қатынастарыңыз әрдайым үйлесімді өрбиді.
Ет
Төсекте өте пассивтісіз. Сізге жай ғана рахаттанып жатқан, ал екінші жартыңыздың барлық белсенділікті өз мойнына алғаны ұнайды. Басқаруды жұбыңызға толық тапсырып қойғанды қалайсыз. Мұны ашық айтып, талап ете де аласыз.
Сыр мен қызанақ
Өте сезімталсыз, сүйіктіңізді сөзсіз түсінесіз. Ішкі сезіміңізді сыртқа шығарудан корықпайсыз, әрі романтикаға толы сәттерді қатты бағалайсыз. Сіздер үшін әрбір жақындық – жай ғана жұбайлық міндет емес, екі жүректің терең тоғысуы, рухани жақындауы.
Балық
«Негізгі әрекеттен» көрі, оның алдындағы дайындық пен наздануды, ыстық ықылас пен аймалауды қатты ұнатасыз. Әсіресе бастама өз тарапыңыздан болғанда еркін қимылдарға бара аласыз. Бұл – қарым-қатынастағы ең мықты тұсыңыз. Жұбыңыз сіздің биік сезімдерге бөлей алатыныңызды жоғары бағалайды.
Арахис майы мен джем
Әзілкешсіз. «Оңаша сәттерде» әртүрлілікті жақсы көресіз. Сезімге балқу үстінде де күліп-ойнап, жеңіл флиртпен процесті көңілді ойынға айналдырғанды ұнатасыз. Сізбен қарым-қатынас ешқашан зеріктірмейді, қайта жаңа дем сыйлайды. Сүйіктіңіз де сіздің осы жеңіл әрі еркін мінезіңізді ұнатады.
Лосось және кілегейлі ірімшік
«Түнгі өмірде» романтикалық сәттер мен өзшеге әсерлер сезінуге мол қаржы жұмсайсыз. Үнемі әдемі ішкі киімдер, арнайы «18+» бұйымдар мен сәнді заттар сатып алып отырасыз. Үзбей жалғастыра беріңіз. Себебі бұл Сіз үшін жұбыңызбен арадағы нәзік қатынасты өрбітудің ең маңызды бөлігі.
Аударған: Х. ОРАЛ,
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:
«ТҮНДЕ» шығатын ДЫБЫСТАРДАН ұялмау үшін не істеу керек?
Байқадыңыз ба, кинодағы ЗҰЛЫМДАР iPhone ҚОЛДАНБАЙДЫ
Балаңыз бақшада ТАЯҚ ЖЕП жүрген жоқ па? Ата-ана нені бақылауы керек?


