Сүйіктіңізге айтудан сақ болыңыз

0
6 155

​Жігіт пен қыздың арасында да қарым-қатынас әдебі болуы тиіс. Кез келген тақырыпты барынша ашық түрде талқылаймыз деген жұптың өзінде бір-біріне айтпауға тиісті, көңілге кірбің салатын сөздер болады. Жігіттің намысына тиетін, көңілге ұнамсыз тақырыптардың болатыны сияқты, қыздарға да айтуға болмайтын сөздер мен сауалдар болады. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасыңызға сызат түспеуі үшін төмендегі сөздер мен сауалдарды сүйіктіңізге айтудан сақ болыңыз.


Сүйіктіңізге айтудан сақ болыңыз

Жігіт пен қыздың арасында да қарым-қатынас әдебі болуы тиіс. Кез келген тақырыпты барынша ашық түрде талқылаймыз деген жұптың өзінде бір-біріне айтпауға тиісті, көңілге кірбің салатын сөздер болады. Жігіттің намысына тиетін, көңілге ұнамсыз тақырыптардың болатыны сияқты, қыздарға да айтуға болмайтын сөздер мен сауалдар болады. Сүйіктіңізбен арадағы қарым-қатынасыңызға сызат түспеуі үшін төмендегі сөздер мен сауалдарды сүйіктіңізге айтудан сақ болыңыз.

«Итальян тағамдарын жақсы көресің бе?»

Шындығында осы тектес сөздер сізді сүйгеніңізге қызықсыз етіп көрсететінін белесіз бе? Ең дұрысы бұл сөздерді дауыстап айтудың орнына іштей айтып, көңіліңізге түйіп қойыңыз. Сәті түскенде ойыңызды жүзеге асырыңыз. Мұндай әрекетпен сіз сүйіктіңіздің алдындағы байқампаздығыңызды білдіріп, өзіңізге қызықтыра түсетін боласыз.

«Маған дейін қанша жігітің болды?»

Осыны білу сізге шынымен қажет пе? Біле білсеңіз, осы сұрақты қою арқылы сүйіктіңіздің алдында өзіңізге сенбейтіндігіңізді байқатып алуыңыз да мүмкін. Өзіңізге деген сенімсіздік пен сүйіктіңізге деген сенімсіздігіңіз араларыңыздағы сезімнің басты жауы болатынын естен шығармаңыз.

«Екі күн бұрын мен саған СМС жаздым ғой, неге жауап бермедің?»

Мұндай сұрақ қою арқылы сіз сүйіктіңізді қаншалықты жоғары бағалайтындығыңызды білдіргеніңізбен, өзіңізді оның алдында төмендетіп аласыз. Дұрысы мұндай «ұсақ-түйекке» мән бермеңіз. Сонда сүйіктіңізге «майда мінезді», «ұсақшыл» адам болып көрінбейсіз. Және оны өзіңізден жалықтырып алмайсыз.

«Мен саған ұнаймын ба?»

Тағы да өзіне сенімсіз жігіттің сауалы. Алдыңыздағы арудың өзіңізді ұнататынына іштей сеніңіз. Егер оның ұнатпайтынына сенімді болсаңыз бұл тақырыпты айналып өтіп, өзіңізді сүйіктіңізге сүйкімді көрсететін қылық жасауға талпыныңыз.

Сонымен қатар, өз кірісіңіз бен шығысыңыздың сомасын айтып, мақтану да қыздар үшін қызықсыз, жат тақырып. Әрине, материалдық жағдайыңыз сүйіктіңіз үшін маңызды болуы да мүмкін. Дегенмен, бұл туралы ашып айтып өз бағаңызды түсіргеннен қасыңызда ертіп жүріп, үнсіз көрсеткеніңіз дұрыс.

«Кешке қайда барғанымызды қалайсың?»

Шындығында мұны сіз шешуге тиісті емессіз бе? Сүйіктіңізді кездесуге шақырарда жоспарыңыз алдын ала белгілі болуы керек. Сүйіктіңізге тосын сый жасап, әр түрлі кездесулерді ұйымдастыра білсеңіз, қызыңызды да жалықтырып алмайсыз.

«Косметикаға осынша ақша жұмсайсың ба?»

Ол ақша әрине қыздың әмиянынан шығып жатса, бұл сұрақ тіптен орынсыз. Ал, егер қаражат сіздің қалтаңыздан жұмсалып жатса, осы сұрақты қою арқылы сіз сүйіктіңіздің алдында өзіңізді сараң жігіт етіп көрсетесіз. Қалтаңыздың қамын көп ойлайтын болсаңыз да, өзіңізді «барым» деп бағалай білген сүйіктіңіздің алдында өз бағаңызды түсіріп алмауды ойлана жүргеніңіз де артықтық етпейді.