​Төсек қатынасын бірден бастауға бола ма?

0
6 502

Ұрыс-керістен кейін жақындаспау дұрыс па?


​Төсек қатынасын бірден бастауға бола ма?

Еркектер жыныстық қатынасқа түсуді күн сайын қалап тұрады. Ал, бірақ әйелдердің ағзасы бұған дайын болмайды. Сондықтан да болар, мамандар секспен де дайындықсыз айналыса салуға болмайды дейді. Жыныстық қатынастан ләззат алу үшін оның өзіндік кішігірім ережелерін сақтау керек. Ол ережелер мыналар:


  • Жыныстық қатынастың сапалы болуы үшін өзара ұрыс-керістен кейін жақындаспаған дұрыс. Тіпті, жанжал аяқасты басталып кетсе де, ренішті жою мақсатында қосылудың қажеті жоқ. Себебі, жай ғана болған келіспеушіліктен ойыңызды түрлі сұрақтар мазалап, бойыңызда өкпе-реніш басыла қоймайды. Мұның барлығы лаззат алуға кедергі келтіреді.

  • Киіміңізді шешуге асықпаңыз. Қалай болғанда да нәпсіні баса тұруға тура келеді. Сөйтіп күйеуіңіздің киіміңізді шешкенін күтіңіз. Бұл сіздің ұйықтап жатқан сезім мүшелеріңізді оятады.
  • Жыныстық қатынастың арасы қанша болғаны дұрыс? Ең дұрысы 48 сағат. 2 тәулік ішінде ағза қалпына келеді. Сол аралықта төсек қатынасына деген ынтызарлық қайта оянбаса, әрекет жасамай-ақ қойған дұрыс. Оның орнына серіктесіңізді қоздыратын қимыл-қозғалыс жасаңыз немесе сөзбен оның жанын баурауға тырысыңыз.Қасынан ары-бері өткенде денесін сипап, бір сүйіп өтіңіз. Осылайша жай-жай төсекке деген құштарлық оянып, күштемей-ақ жатын бөлмеге қарай аяңдай беретін боласыздар.
  • Тоя тамақтанып алғаннан кейін интимді қатынастан бойды аулақ ұстағаныңыз абзал. Себебі қарны тоқ адам секспен бірден айналысатын болса, қан айналым дұрыс жүрмей, барлық күшін асқазан-ішек жолдарына қарай бағыттайтын болады. Содан соң секс ойдағыдай болмайды.

  • Сағатқа қарамаңыз. Таңертең ерте жұмысқа бару керек болса дасағатқа қарап, көңіліңізді басқа нәрсеге аудармаңыз. Дәл сол сәтте сезім мүшелеріңіз оянып, керемет күйде болсаңыз, бәрін де ұмытыңыз.
  • Тым көңілді болсаңыз немесе көңіл-күй болмаған жағдайда да жыныстық қатынасқа түсуге кеңес бермейміз. Себебі мұндай сезімдер оргазмның жауы. Дұрыс төсек ләззатына бөлену үшін біраз уақыт күтіңіз. Эмоцияңыз басылып, өз-өзіңізге келгеннен кейін төсек жайлы ойлана бересіз.
  • Алкоголь ішпеңіз. Спиртті ішімдіктер әйелдердің бойын босатып, балқуына көмектесетін болса, еркектердің потенциясын әлсіретеді. Басында бәрі де жақсы басталуы мүмкін. Алайда жыныстық қатынастың соңында ләззат алау қиындауы ғажап емес.
  • Жыныстық қатынастан бұрын кіші дәретке шығып алыңыз. Егер қуығыңыз толып тұрса, айтарлықтай ләззат алуға кедергі келтіреді.
  • Төсекке жатарда ауыр жұмыспен айналыспаған жөн. Секс алдында күш-жігеріңізді сақтаңыз. Егер жыныстық қатынастың алдында ағзаға физикалық салмақ салатын жұмыспен айналыссаңыз, мұндай кезде де ләззаттың шыңына шыға алмайсыз.
  • Тазалық – сау әрі сапалы жыныстық қатынас кепілі. Мәселен, ауыз қуысынан немесе денеден шығатын жағымсыз иістер интимді байланысқа кері әсерін тигізеді. Төсектен ләззат алғыңыз келсе, барынша тазалықты сақтаңыз.
  • Секс кезінде әңгіме бастамаңыз. Бұл да екі жастың арасындағы ынтызарлықты сөндіріп, ойыңызды басқа жаққа әкетеді. Сондықтан да сүйіктіңізбен жақындасар алдында тіліңізге де ие болуды ұмытпаңыз.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Таңғы жыныстық қатынастан кейін көңіл-күйіңіз 100% көтеріледі


Тұрақты түрде төсек қатынасына түсудің 9 пайдасы