Таңғы жыныстық қатынастан кейін көңіл-күйіңіз 100% көтеріледі

0
5 376

Ерлі-зайыптылар көбіне жатын бөлмеге ұйықтар алдында кіретіні белгілі. Яғни, жыныстық қатынасқа да сол уақытты қолайлы көреді. Алайда, мұндай жандарға таңертең төсек ләззатына бөлену ерекше сезім сыйлайтынын айтқымыз келеді.


Таңғы жыныстық қатынастан кейін  көңіл-күйіңіз 100% көтеріледі

Таңғы секс – таңғы асқа дайындалған әдемі тәтті торт секілді «дәмді» әрі «нәзік» болады. Оның үстіне пайдасы да ұшан-теңіз. Әсіресе сенбі-жескенбі күндері оятқыштың орнына сүйіктіңізбен жақындасуды таңдасаңыз, төсектен ұшып тұратын боласыз. Күні бойы сергек жүріп, көп жұмыстарыңызды тындырасыз. Бірақ, ең жақсысы мұны өзіңіз байқамай да қаласыз.


Таңғы төсек ләззатының басқа қандай пайдасы бар?

1. Таң атпай жыныстық байланысқа түсу – ең керемет таңғы жаттығу. Таңғы жаттығуды барлық адам жасайды деп айту қиын. Көбіміз ұйқымыздан ерте тұрып, жаттығу жасауға жалқаулық танытамыз. Ал, алагеуімнен ләззат алатын жандарға, жаттығу жасаудың қажеті болмай қалады. Себебі, таңғы секс – барлық бұлшықеттерді нығайтып, қанайналымды жақсартып, тыныс алуды реттейді. Тіпті, өмірге деген белсенділігіңіз артып, көңіл-күйіңіздің көтерілетініне 100 пайыз кепілдік беруге болады.

2. Махаббатқа масайып, төсек ләззатына тояттағаннан кейін денсаулығыңыз жақсарып, гормондық өзгерістер айтарлықтай орын алады. Эндорфин мен басқа да гормондардың бөлінуінен бақытқа кенелесіз.

3. Таңғы еркелеу, бір-біріне мейірімділік таныту – бас ауруының, қант диабетіне шалдығудың алдын алады екен. Қан айналымы қалыпқа келетіндіктен жүрек-қан тамырлары ауруының ең жақсы профилактикалық дәрісі десек артық айтқандық емес. Ал, әйелдерге етеккір алдындағы ауырсынуды болдырмауға көмектеседі.

4. Мамандардың айтуынша, таңертеңгі уақытта секспен айналысатын жандар басқаларға қарағанда сабырлы, жинақы болады дейді. Бұдан бөлек, олар стреске түспейтін көрінеді.

5. Таң атпай ләззат алу дегеніміз – өз-өзіне деген сенімділікті арттыру. Өйткені жыныстық қатынас кезінде энергия алмасып, бір-біріңізге өмірлік күш-қуат бересіздер. Яғни, осыдан кейін бойыңызда сенімділік пайда болады.


6. Таңертеңгілік секс арқылы ер мен әйел бір-бірін бағалауды үйренеді. Мысалы, кешкілік уақытта күйеуіңізбен немесе әйеліңізбен сөзге келіп, бұртиып жатып қалдыңыз делік. Алайда таңертең жақындасқаннан кейін бұл реніштің бәрі ұмытылады. Осылайша бір-біріңіздің қадірін біліп, бағалай бастайсыздар. Дегенмен, ұрыс-керістен кейін ашық сөйлесіп алғанға не жетсін?!


7. Арақатынасты түрлендірудің ең жақсы әдісі де таңғы жақындасу болып табылады. Бұл әдісті әсіресе бірнеше жылдан бері бір шаңырақ астында өмір сүріп келе жатқан ерлі-зайыптылар жасаса болады. Көп жылдан бері жыныстық қатынаспен тек түнгі уақытта айналысып жүрген мұндай жандарға бұл айтарлықтай өзгеріс әкеледі. Ұнамауы да мүмкін емес. Әуелі эксперимент жасап көруге кеңес береміз. Содан кейін нәтижесін байқай бересіздер.


8. Таңыңыз қызықты сәттен басталады. Таңғы секс – бір жағынан қызықты. Екі жас арасындағы махаббатты одан әрі жандандырып, бір-біріне деген сүйіспеншілігін арттырады. Сөз арқылы, іс арқылы олар бір-бірін қадірлеп, өмірлерін де қызықты ете түседі.

Дайындаған: Жайна Тынышбек,

ERNUR.KZ

ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗ:


Тұрақты түрде төсек қатынасына түсудің 9 пайдасы


Күйеуіңіздің БАСҚАҒА кеткенін қаламасаңыз, ТӨСЕКТЕ "түрленуді" үйреніңіз