Қаралы оқиға Үндістанның Карнатака штатында тіркелген.
фото: ЖИ көмегімен жасалды
ERNUR.KZ. БелТА басылымы марқұм әйелдің саябаққа күйеуі және баласымен бірге келгенін жазады, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға таңғы уақытта болған, сол кезде туристерге пілдердің тамақ ішу, жуыну секілді тіршілігін жақыннан көруге рұқсат берліген.
– 33 жастағы турист Тамилнад штатынан келген. Карнатака штатындағы Кодагу ауданындағы Дубаре атты жабайы табиғат паркінде екі пілдің арасындағы төбелес кезінде біреуі әйелдің үстіне құлап, ол сол жер көз жұмды, – деп жазды Indian Express басылымы.
Жергілікті шенеуніктер сол уақытта Канчан мен Мартанда атты екі піл төбелескенін мәлім етті. Парк қызметкерлерінің оларды тыныштандырғанына қарамастан, Канчан Мартандаға шабуылдаған. Ол тепе-теңдігін жоғалтып, жерге құлайды.
Сол кезде Туласи басқа туристермен бірге жануарлардың жанынан қашқан, бірақ сүрініп кеткен. Әйелдің күйеуі мен баласы аман қалды және басқа зардап шеккендер жоқ.
Карнатака штатындағы Орман шаруашылығы, экология және қоршаған ортаны қорғау министрі Эшвар Кхандре оқиғаны мұқият тексеріп, болашақта алдын алу үшін барлық шараны қабылдауды тапсырған. Ол пілдердің қаншалықты қолға үйретілгеніне қарамастан, олардың әр сәттегі мінез-құлқын болжау өте қиын екенін ескертті.
Кхандре пілдердің мұрнын ұстауға, оларға жақындап суретке түсуге немесе қант, банан сияқты тағамдар беруге тыйым салуды да тапсырып отыр.


