2050 жылға қарай киборг-әскерлер пайда болады

0
1 022

Бұл туралы мәлімет АҚШ армиясының әскери мүмкіндіктерін дамыту бойынша Химия-биологиялық орталықтың хаттамасында жарияланды.


2050 жылға қарай киборг-әскерлер пайда болады

ERNUR.KZ. Америка әскери қызметкерлері алдағы 30 жылда ой күшімен басқаруға мүмкіндік беретін технология пайда болатындығын айтты, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы мәлімет АҚШ армиясының әскери мүмкіндіктерін дамыту бойынша Химия-биологиялық орталықтың хаттамасында жарияланды.

Хаттаманың атауы - "Киборг-әскерлер-2050: адамзат және машинаның бірігуі және оның Қорғаныс министрлігі болашағына әсері".

Биоинженерия саласының аға ғылыми қызметкері Питер Эмануэлдің ойынша, 30 жылдан соң АҚШ әскерлері нейронды импланттардың көмегімен ми мен машинаны тікелей байланыстыра отырып дрондарды қолдана алатын болады. Импланттар әр дронның не бақылап тұрғанын нақты көруге мүмкіндік береді, содан соң қол жеткен ақпаратты цифрлық формада миға апарады және дерек көзі ретінде басқа машиналарға тасымалдайды.

Ми және компьютер арасындағы байланыс нейронды импланттар негізінде жүзеге асады. Бұл хаттамада көрсетілген 4 түрлі өзгерістің тек біреуі ғана. Импланттар төменде көрсетілген төрт категорияға жатады:

- Екіжақты деректерді алмастыру үшін адам миындағы нейрон қызметінің тікелей күшеюі;

- Көру қабілеті, визуализацияны жақсарту мақсатында көздің қызметін жетілдіру;

- Есту қабілетін жетілдіру;

- Оптогенетикалық костюм арқылы дене бұлшық еттеріне бақылау орнату.

Авторлардың айтуынша, америкалық қоғам кибернетикалық әскерлерді мүлдем қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда этикалық және мәдени дәстүрлері өзгеше елдер жоғарыда аталған технологияларды қолдана отырып, әскери салада біраз жетістікке жетулеріне мүмкіндік бар.

Пью зерттеу орталығының әлеуметтанушы ғалымы америкалық қоғамның кибер-әскерлерге қатысты көзқарасын анықтады. Нәтижесінде, адам қаншалықты дінге жақын болса, соншалықты бұл идеядан бас тартатыны белгілі болды. Зерттеу тобының мәлімдемесіне сәйкес, алдағы уақытта басқа елдерде де тәжірибе жүргізуге ниетті.

"Бұл технология әскери қимылдарды басып озады. Тіпті асып түседі. Біздің әлем және адамға қатысты таным-түсінігімізді түбегейлі өзгертеді", - деді Питер Эмануель.