5 сынып оқушысына интимді жақындық ұсынған мұғалім 15 тәулікке ғана қамалған

0
617

Өзбекстандық мұғалім бір жылдан кейін мектептегі жұмысына қайтып орала алады.


5 сынып оқушысына интимді жақындық ұсынған мұғалім 15 тәулікке ғана қамалған

ERNUR.KZ. 30 маусымда Ферғана облысының Өзбекстан аудандық соты 12 жастағы оқушыға интимді жақындық ұсынған 42 жастағы музыка пәнінің мұғаліміне шешім шығарды, деп жазады azattyq.org.

Сот оны "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айыпты деп танып, 15 тәулікке қамау жөнінде шешім шығарған. Мұғалім бір жылдан кейін мектептегі жұмысына қайтып орала алады.

Оқушының адвокаты айыпталушы Әкімшілік кодекс емес, Қылмыстық кодекс бойынша жазаға тартылуы керек еді дейді.

"Судья бұл адамға қатысты Қылмыстық кодекстің кемінде үш бабын - "Қылмыс жасауға дайындалу", "Әйелді төсек қатынасына мәжбүрлеу" және "Жасы кәмелетке толмаған жеткіншекке азғындық әрекетін жасау" баптарын қолдануы керек еді. Судья егер осы үш бапты қолданып, айыпталушыны жазаласа, сот әділдігі болатын еді", – дейді адвокат.

Сот мәліметі бойынша, оқушы қызға музыка пәнінің мұғалімі интимді жақындық ұсынып, хат жазған. Ол бұл хатты әке-шешесіне көрсеткен. Әке-шешесі бірден құқық қорғау органдарына арызданған.

Енді Өзбекстан ауданының тұрғындары жазаланушы 15 тәуліктен кейін бостандыққа шығады деп балалары үшін қорқып отыр.

Елдің білім беру министрлігі бұл оқиғадан хабары жоқ екенін айтты.