​Абитуриенттердің орнына ақшаға емтихан тапсырғандар ұсталды

0
1 421

Қылмыстық топтың бір мүшесі 3000 доллар көлемінде аванс алу кезінде ұсталды.


​Абитуриенттердің орнына ақшаға емтихан тапсырғандар ұсталды

ERNUR.KZ. Өзбекстан Бас прокуратурасының экономикалық қылмыстармен күрес департаментінің қызметкерлері Самарқанд облысында абитуриенттерге емтихан кезінде көмектесуге талпынған топты ұстады.

Қылмыстық топтың бір мүшесі 3000 доллар көлемінде аванс алу кезінде ұсталды. Тергеу мәліметі бойынша, бұл топты Аброр Акрамжонов құрған.

Акрамжонов клиент табу жұмысымен айналысқан. Авезов тест жауаптарын шешуге талабы бар жастарды іріктеген. Тергеу осындай іспен айналысқан он адамды анықтады. Олар емтиханды абитуриенттердің орнына тапсырып шыққан. Түрлері ұқсамаған жағдайда, тест сұрақтары жауабын жеткізу жолдарын іздеген.

Олардың уақытша пәтерлерін тексеру кезінде заттай айғақтар алынды.

7 тамызда топқа қарсы қылмыстық іс қозғалды.

Дереккөз: centralasian.org/a