Әйел баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірген

0
1 180

Оқиға Молдова елінің Резин ауданында болған.


Әйел баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірген

ERNUR.KZ. Молдовада анасы баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, видеоға түсірген. Бұл елдің денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Алла Немеренко оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп жазады sputniknews.kz.

БАҚ-тың хабарлауынша, қатыгез ана баласын өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеп, телефонға түсіріп тұрған. Кейін бұл видеомен әлеуметтік желіде бөліскен.

"Полиция дер кезінде араласты. Бала әлеуметтік қамсыздандыру саласының қызметкерлеріне тапсырылды. Оның қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі. Қазір психолог көмектеседі. Ал анасын дәрігерлер тексеріп жатыр", - деді Молдованың денсаулық сақтау министрі.

Кейін ол баланы жақын туыстары алып кеткенін айтты. Бүгін арнайы комиссия баланы әлеуметтік қорғау мәселесін шешетін болады.