Әйел біреудің баласын перзентхана терезесінен лақтырып жіберді

0
405

29 жастағы келіншекке қатысты қылмыстық іс қозғалды.


Әйел біреудің баласын перзентхана терезесінен лақтырып жіберді

ERNUR.KZ. Ресейде әйел біреудің баласын перзентхана терезесінен лақтырып жіберді. Нәресте алған жарақаттардан мерт болған, деп жазады ҚазАқпарат.

Тергеу комитеті басқа біреудің баласын перзентхананың терезесінен лақтырып жіберген 29 жастағы Стерлитамак тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады.

Тергеу нұсқасы бойынша, 16 тамыз күні сағат шамамен 18:00-де бір әйел Стерлитамак перзентханасының үшінші қабатынан өзімен бірге бір палатада жатқан әйелдің жаңадан туған нәрестесін лақтырып жіберген. Бала алған жарақаттардан мерт болды.

«Ресей Федерациясының Башқұртстан Республикасы бойынша Тергеу комитетінің Стерлитамак тергеу бөлімі 29 жастағы Стерлитамак тұрғынына қатысты жас баланы өлтіру бабы бойынша қарастырылатын қылмыстық іс қозғады», - деп мәлімдеді Тергеу комитетінен.

Оқиға орнында басшылық пен тергеу бөлімі, республиканың тергеу басқармасы аппаратының тергеуші-криминалистері полициямен бірлесіп жұмыс істеуде.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде, оны қамау туралы мәселе қарастырылып жатыр. Қылмыстық істің тергеуі республиканың тергеу басқармасы басшылығының бақылауында.