Әйел күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген

0
709

Әйел күйеуі оның бақытына кедергі келтіріп жатыр деп, одан құтылуды ұйғарған.


Әйел күйеуін ұнтақталған чили бұрышымен өлтірген

Фото: NDTV

ERNUR.KZ. Үндістанның Карнатака штатында Сумангала есімді әйел көңілдесі үшін күйеуін өлтірген, деп жазады Stan.kz.


Сумангала 50 жастағы күйеуі Шанкарамуртиге Нагаражу есімді адаммен көзіне шөп салып келген. Әйел күйеуі оның бақытына кедергі келтіріп жатыр деп, одан құтылуды ұйғарған. Күйеуі үйде жалғыз болған кезде екеуі шабуылдаған.

Алдын ала мәлімет бойынша әйел күйеуінің көзіне ұнтақталған чили бұрышын лақтырып, одан соң таяқпен ұрып-соғып, соңынан қылқындырған. “Жұп” ер адамның денесін сөмкеге салып, 30 шақырым жердегі басқа біреудің фермасына апарып тастаған. 3Фермада құдық тауып, сөмкені соған лақтырды.

Содан соң әйел күйеуінің жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданады. Тергеу барысында полицейлер жоғалған ер адамның төсегінен бұрыш ұнтағын тапты. Олар әйелді тергеп, оның телефон жазбаларын зерттеген. Осылайша көңілдесімен хатын көреді.

Қазір тергеу жүргізіліп жатыр, қандай жаза тағайындалатыны белгісіз.