Әйелінен кек алмақ болған ұшқыш үйін ұшақпен соқты

0
1 089

Оқиғадан бір сағат бұрын ұшқыш қамаудан босатылған


Әйелінен кек алмақ болған ұшқыш үйін ұшақпен соқты

фото: КТК

ERNUR.KZ. АҚШ-тың ЮТА штатындағы Пейсон қаласында пилот жеңіл қозғалтқышты Cessna 525 ұшағымен өзінің үйіне соғылды, үйде әйелі мен ұлы болған, деп жазады sputniknews.kz.

Апат салдарынан ұшқыш қаза болды, әйел мен бала зардап шекпеген.

Полиция қайғылы оқиғаның мән-жайын толығырақ айтып берді. Қаза болған ұшқыш Дуэйн Юд (Duane Youd) болып шықты. Полицейлердің пікірінше, ол әйелінен өш алу үшін ғимаратқа қасақана соғылған. Жексенбі күн жұбайын ұрып-соққаны үшін қамауға алынып, бір сағат бұрын ғана кепілмен босап шыққан екен.

Содан кейін Юд жеке компаниядағы жұмысына барып, ұшаққа отырып, үйге "шабуылдаған".

Мамандардың пікірінше, пилот траекторияны дұрыс есептей алмай, негізгі соққы үйге емес, гаражға жасалған.

Оқиғаның мән-жайы тергеліп жатыр.

Әскери ұшақ құлап, 9 адам қаза тапты